Жас дарындар
Өнердің түрі көп. Соның ішінде
ең құдіреттісі - сөз өнері. Осыған орай Айдарлы негізгі мектебімізде
наурыздың бірі күні «Жас дарындар» байқауы өтті. Байқау мақсаты: Оқушылардың
бойындағы шығармашылық қабілеттеріне
баға беру, әр оқушының дарынындылығын бауқау. Мәнерлеп оқуға баулу, эстетикалық
талғамдарын нығайту, көркем әдебиетті сүюге
баулу болды. «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе» - деп Сұлтанмахмұт
Торайғыров атамыз айтқандай байқау екі бөлімнен өтті. Бірінші бөлім «Білімдіден
шыққан сөз» мәнерлеп оқу сайысы, екінші бөлім «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
жас дарындар өздерінің туындыларымен таныстырды. Бұл байқау шығармашлық
бірлестігінің жоспарына сәйкес әдістемелік бірлестік жетекшісі:
Ж.В.Кұрманғожинаның бастауымен өтілді. Байқауға 5-6 сынып оқушылары белсене
қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар халқымыздың мақтанышына айналған тамаша
ақындарымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып сайысты. Байқау болғандықтан әділ-қазы
мүшелері сайланып, әділ баға берілді. Мектебіміздің жас дарындары өздерінің
шығарған қалам алды өлеңдерін де оқып ортаға сала білді.