Айдарлы негізгі мектебі
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай Айдарлы негізгі мектебінде 07.12.2018 жылы 8 - 9 сыныптарында «Жемқорлыққа жол жоқ !» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасы мен Сыбайлас-жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында, экономикаға қауіпті не екенін түсіндіру.
Тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өтті. Оқушылар әңгіме – сұхбатқа белсене қатысты. Дөңгелек үстел барысында оқушылар бір парақ қағазға «Адам құқығы» және «Сыбайлас жемқорлық деген не?» тақырыбына өз ойларын жазып ортаға шығып, қорғады. Тәрбие сағатының соңында оқушыларға сыбайлас жемқорлығ туралы видеоролик көрсетілді.