"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстандағы сакралды географиясы

Қазақстандағы  сакралды географиясы

                                                                                               

Мақсаты: Ежелгі қазақ жерінде аңызға сүйене отырып пайда болған киелі жерлердің тарихы жайында оқушылардың білімдерін толықтыру. Отансүйгіштікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстанның кеиелі жерлері жайында слайд.

Әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, жаңа мағлұматтар беру

 

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Тарих білу-халқыңды танып білу,
Тарих білу-кеуде керіп анық жүру.
Тарих білу-нағыз қазақ болғандығың,
Тарих білу-біле білсең оңғандығың,- дей келе сынып сағатымызды бастаймыз. Бастамастан бұрын бірнеше сұрақтармен оқушылардың бүгінгі тақырып жайындағы білімдерін тексеру:

  • Сакральді ұғымын қалай түсінесіңдер?
  • Қазақстанның сакральді мекендерін ата?
  • Ол жер туралы не білесің?

ІІ.Негізгі кезеңі

(Сакральді сөзіне түсінік беру) Cакральды сөзінің түп-төркіні латын тілінде жатыр. Еуропалықтар осынау ұғым-түсінікпен өздері ерекше қас­терлеген діни, тіпті мистикалық құ­былыстарды, күнде көріп жүрген т­аныс ортадағы өзгеше болмысты, ирра­ционалды дүниені, нысандарды бей­нелеген. Күні бүгін де бастапқы мағынасын сақтап келеді. Ал сакральді ұғымына қазақ жерінде сонау ежелден келе жатқан аты аңызға айналған киелі де қасиетті мекендерді кіргіземіз. Яғни, бұл дегеніміз Қазақстан географиясында сакральді мекендердің болуы, тіптен көптеп кездесетінін білдіреді.

1. Қазығұрт тауы

Ертеде Қазақ елін жау шапқанда алып батыр шайқаста бір өзі қалып,елін жазыққа қарай көшіріп жіберіпті. Шайқастың арасында елін көрмек болған батыр кетпенін алып, жерді екі рет опарып үйе салған екен. Сол өзі үйген төбенің басына шығып батысқа қараса елі Сырдария бойында кетіп барады екен. Сол үйілген төбелері Қазығұрттың екі шетіндегі екі биіктік екен.

Ертеде Қазығұрт деген батыр өмір сүріпті Елін жаудан қорғап, еліне қамқор болыпты. Бірақ ханның 29 ұлы оны көре алмай,басын шауып алыпты. Ханның қызы Айбарша Қазығұрттың моласына барып, ғашығының басын бір көтеруін сұрап күні-түні жылап қоймаған соң құдай елшілерін жіберіп тілегін сұрапты. Қыз өзінің тілегін айтыпты. Тәңір қыз тілегін орындай алмайтынын, бірақ қыздың жанын алып, екеуін о дүниеде қосатынын айтыпты. Бұған қуанған қыз үш күн, үш түн той жасапты.

Бұл тойға жаратқам иемнің өзі де періштелерімен келіп қатысыпты. Адам қолынан алғаш дәм татқан дастарқанды періштелер тау басына апарып жайып қойыпты. Сол кезде бір періштенің аяғы тайып барып, тоқтаған екен. Сол із таудың басында әлі бар екен.

2. Орда қонған

Таудың шығыс бөлігі төбесінің биіктігіне қарамай, жазықтау болып келеді. Аңыз бойынша осы жер сонау біздің дәуірімізден бұрынғы Қаңлы мемлекеті хандарының жазғы ордасы болған екен. Соңынан түрік хандары, ал одан беріде қазақ ханы –Тәуке және басқа хандар жаз кезінде өз ордаларын тіккен екен.

3. Кеме қалған

Қазығұрт тауының батыс беткейінде шағын ғана тегіс алаңқай бар. Бұл халқымыздың пайымдауынша , Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған жер.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота басанда жатып қалып,

Ойсылқара әулие содан қалған

4. Мақпал көл

Таудың шыңында болмаса да соған жақын орналасқан аудағы көл. Көлдің суы мөлдір, алсытан қарағанда тотияйынның түсі сияқты көгілдірленіп тұрады.Оған құятын, шың басынан келетін бұлақтар бер, бірақ шығып жатқан ешқандай арна жоқ. Әйтседе, су деңгейі қысы-жазы бірдей. Сонда су қайда кетіп жатыр? Бұл –табиғаттың құпиясы. Көлдің неге бұлай аталатыны да белгісіз.

5. Ақбура

Қазығұрт тауының оңтүстік батыс бауырындағы бұлақ атауы. Кезінде Ақбура баба таң намазын қазығұрттың батыс етегіндегі бұлақ көзінде оқып, қалған екі парызын Түркістандағы Ахмет Яссауи мешітінде жалғастырған деген аңыз бар.

6. Бір ауызды, үш ауызды үңгір

Қазығұрт тауының оңтүстік жағында Келес пен Жүзімдік ауыл Қызылата өзендерінің қосылар саласынан 2-3 шақырым жерде орналасқан. Бір ауызды үңгір биіктігі 3 м, ені 2,5 м бір бөлмеден тұрады. Үш ауызды үңгірдің іші биіктігі 2 , ені 1,5 м бір бөлмеден тұрады. Үңгірдің ішкі жағында әр 3 метрден кейін 3 тесік бар. Көне көз қариялардың айтуынша , үгір ата –бабаларымыздың жер асты жолы болған деседі. Бұл үңгірлер әлі зерттеусіз келеді. 

7. Ғайып ерен-Қырық шілтен

Қазығұрт тауының солтүстік жағында бес-алты шақырымдай жерде орналасқан.Осы онша биік емес төбешіктің айналасындағы табиғаттың ерекше құбылыстары бар. Жіңішке сайдың табанында үш бұлақ бастау алып, сонан соң бірігеді. Бір жерден шықса да үшеуінің

8. Көктерек әулие

Қазығұрт тауының оңтүстік жағында орналасқан жуан терек. Көне көз қариялардың айтуынша, ілгеріде бала көтермеген әйелдер барып сиынып, тілектері қабыл болған деседі. Көктеректің көптігі соншалықты, жылы су мен әулиені қоршап 1 га жерді алып жатыр. Терегін біреу кессе, бір жағдайларға ұшырағын немесе Көктеректің өзінен қан аққан деседі.

9. Мешіттас әулие

Рабат а.ә. Амангелді бөлімшесінде солтүстік шатқалында орналасқан әр түрлі ауруларға ем болған, халық сиынатын жер аты. Суы әсіресе , көз ауруларына шипалы. Табақша тәріздес тасқа жоғарыдан тамшы су жиналады.

10. Оқ Жүніс мазар, мешіті

Осыдан үш жүз жыл бұрын салынған. Исламды уағыздаушылардың беделдісі Қожа Омар Уалидың екі ұлының бірі- Жүнісхан бар дәулетін тастап, Қазығұрттың қасиетіне бас иіп, соған жақын Келес өзенінің бас жағына келіп, дін уағыздаушы-пір болып дүниеден өткен, сол жерге жерленген және жанынан мешіт салған. Оның мазары- әулие деп құрметтеледі.

11. Ысмайыл Ата

Турбат аулындағы тарихи –архитектуралық кешен. Аңыз бойынша Ысмайыл атаның басына кесенені Ақсақ Темір орнаттырған. Ысмайыл ата Ахмет Ясауидің немересі деп саналады. Аса қасиетті кісі болған.

12. Сынтас қаласы

X-XVI ғ көне қала Қазығұрт ауданы Амангелді елді мекенінде орналасқан.Қала жаугершілікте құлаған соң, оны халық мазарға айналдырған. Қалаға Қаржан өзеніне қыш трубалар арқылы су келтірген. Қаланың жоғары алаңының диаметрі 20-24м, етегінің диаметрі 60-64 м. Оңтүстік жағынан трапецияға ұқсас формадағы алаң қосылады. Солтүстік жағы Келес өзеніне жар болып үзіледі. 

13. Талдыбұлақ

Жыралардан бастау алып Қазығұрт тауына қарай теріс ағып жатқан өзен. Аңыз бойынша Ажарбай байдың қызы Нұрай Сырдариядан су әкеліп, елдің шөлін қандырған жігітке тұрмысқа шығатынын хабарлайды.Бұл хабарды есіткен Кендібай қойшы Сыр бойына барып месіне су құйып кейін қайтады. Белгілі жерге жете бергенде сүрініп, местегі суы ағып кетеді. Езілген Кендебай еліне қайтады. Таңертең ел Кендібайдың месінен төгілген уыстай ғана судың орнынан үлкен бұлақ атқылап Келес өзеніне бет алғанын, ал сүйенген таяғынан көкке бой созған ағаштың пайда болғанын көреді. 

14. Қаржан тауы

Көнеден келе жатқан аңыздарға қарағанда қазақтың Қаражан , Сырыжан деген батырлары және қарындастары Қаржан осы жерлерді мекендеген. Күндердің күнінде батырлар жолаушылап кеткенде жау шабады. Бірақ батырлар келіп қалып, елін жаудан қорғау кезінде жау қолынан қаза табады. Ел батырларды екі таудың басына жерлейді. Сол батырлардың құрметіне тау “Қосмола” аталады .

15. Қаржан өзені

Қаржан қыз ағаларының жау қолынан мерт болғанын көрген соң жаумен айқас-қа түсіп, ол да жау қолынан қаза болады. Ел қызды тау басына жерлейді. Қыздың қансырап құлаған жерінен арқырап су шыққан деседі. Содан Қаржан өзені пайда болыпты.

16. Қырық қыз

Көне тарихи, табиғи ескерткіш. Көнеден келе жатқан аңыз -әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугершілік замандажау шапқыншылары “Қарабау” өзенінің суына шомылып, алаңсыз серуендеп жүрген қырық қызды соңдарынан қуса керек.Сонда қыздар құдайдан “Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!” жалбарынған екен дейді. Бұл ескерткіш тас мүсіндер Аққұм өзенінің бастау алар жеріндегі сарқырама жардың қасында. 

17. Өгем тауындағы қырық қыз.

Ел аузында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан көне аңыз ол туралы былай деп сыр шертедi: «Ерте, ерте, ертеде, бәлкiм, Ер Төстiктiң заманында болар, осы өңiрде бiр байдың қызы бойжетiп, бесiкте жатқанда атастырылып қойған жiгiтiне ұзатылатын күн де келiп жетедi. Құда-құдағилар той жабдығын дайындап, мәре-сәре боп қуанып жатады. Сұлу қыз, серi жiгiттер қосылып ән шырқап, балуандар белдесiп, шабандоздар көкпар тартып, ұлан-асыр жиынның көрiгiн қыздырады. Әне, күйеу жiгiт те келiп қалды деген қуанышты хабар жетедi бiр кезде. Мұны естiген ауыл қыздары топ-топ болып, бөркiне таққан үкiлерi желбiреп, етегi жер сызған бүрме көйлектерiн жел толқытып, болашақ жездесiнiң алдынан шықпай ма, керiлiп… Кенет бiр қиырдан шаң көтерiлiп, жантүршiгерлiк айқай естiледi.«Жау... Жау шаптыы...». Қалың ел аяқ астынан дүрлiгiп, қолына қару ұстауға жарай-тын ер-азаматтың барлығы атқа қонып жатады. Бiрақ, тұтқиылдан тап берген жау олардың басын бiрiктiрмей, тоз-тоз етiп, қанға бөктiрiп, қынадай қырып салады…

       Әне, сол кезде күйеу жiгiттi күтiп аламыз деп топ-топ болып шыққан сұлу қыздар шың басында жылап, еңiреп тұрып: «О, Жаратқан ием, жерiмiз отқа оранды, елiмiз күлге айналды. Ендi бiздi жау қорлығынан құтқарып, тасқа айналдырып жiбере гөр!...» деп зарлап, құдайға жалбарынған екен…

Ежелгi аңыз осылай деп егiледi. Осылай деп күңiренедi. Қалай болғанда да, «Қырық қыз» аңызында сонау бiр зұлмат заманның өкiнiшi, мұңы, қайғысы күзгi жауыннан кейiнгi қақ суындай мөлтiлдеп, тұнып жатқан секiлдi.

Қорытынды жасау.

 

 

Айдарлы негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы  сакралды географиясы

 

Сынып сағаты

 

9 сынып

 

Өткізген: Капышева А.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 – 2021 оқу жылы

Жаңартылған күні: 03.11.2020 11:30
Құрылған күні: 03.11.2020 11:30

Текст