Тақырыбы: Аялай біл, сен деп соққан жүректі. Мақсаты: Оқушылардың бойынан сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: — оқушыларды үнемі кешірімді болу керектігі туралы түсінік беру; — оқушылардың бойынан шынайылық қасиетін дамыту; — бүкіл адамзатқа жанашырлық танытуға тәрбиелеу; Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі. |
|
Дәйексөз. « Бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.» Міржақып Дулатов -Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер? -Ана махаббаты риясыз сүйіспеншілікке жата ма? «Адам бойындағы ең қымбаты — оның жүрегі» Абай Құнанбаев Дәйексөзді оқимыз,мағынасын ашып талдаймыз. Оқушылар есте сақтап қалу үшін бір неше рет қайталаймыз.Дәптерге көшіріп жазады. Әңгiмелеу «Ана махаббаты» аңыз әңгіме Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды: -Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз? Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді: -Мынау- шырақ, ол — мен! Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты. — Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма? — Жоқ! -Менің шырағымның жалыны бір қалыпты. Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді… Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер! Аңыз әңгіме бойынша сұрақтар: 1.Балалар не себепті келісімге келе алмады? 2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді? 3. Жақсы ой, сөз, іс- әрекеті үйлескен адам қандай адам? |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1 тапсырма екі топқа жұмыстануға ана тақырыбына арналған өлеңді толықтырып көр: І топ Аялай біл, сен деп соққан жүректі, ………………… таси берсің, дәулетің. Айналамда нәзік жанды ……………, …………….. бір-бірінен көмекті.
Аялай біл, сен деп соққан жүректі, Әрқашанда таси берсің, дәулетің. Айналамда нәзік жанды адамдар, Аямайды бір-бірінен көмекті. ІІ топ Ауырмашы мәңгі соқсын ……….., ………….. қанша рет өтті түндерің Сүріңгенде күш беріп ……………., Қалайша сен барда мен қартаямын?
Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің, Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің Сүріңгенде күш беріп аяладың, Қалайша сен барда мен қартаямын? 2 тапсырма Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып «Ана — өмірдің — гүлі,тіршілік басы» шағын эссе жазу. Тірек сөздер: Аяулы, ардақты, алақаны, ақ сүті,мейірімді,қымбат,мәпелеген, әлдилеген, кең пейіл,қамқор , күн шуағы, нұр шашады, |
|
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
|
|