"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есеп

Айдарлы негізгі мектебі бойынша

 діни экстремизмнің алдын алу шараларының

ұйымдастыру деңгейі жөнінде

анықтама

2018 – 2019 оқу жылы

 

Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында мектеп бойынша жоспар құрылып, бекітілген. Құрастырылған жоспар бойынша 5 – 9 сынып жетекшілері өздерінің сыныптарымен діни экстремизмнің алдын алу және терроризммен күрес туралы Заңымен оқушыларды таныстырды. Қазіргі кезде дүние жүзінде болып жатқан соғыс жағдайлар, терроризм мен экстремизнің адамзатқа зияны тиетіні туралы айтылды. Дінтану мұғалімі Капышева А.М. жоғарғы сынып оқушыларымен «Дініңді сақта» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме өткізудің мақсаты: діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылығын ашу. Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан – жақты талдап, жастарға ой салу. Оқу жылының басында мектеп  оқушыларымен «Оқушылардың міндеттері мен құқығы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында мектеп оқушыларын өздерінің құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылды.  Осы сынып сағатында қыз балалар мен ер балалар үшін   мектеп формасы туралы ереже оқылды. Жетінші сынып жетекшісі өз сыныбында «Толеранттылық дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағатын өткізді.Сынып сағатының мақсаты: толеранттылық  туралы толық мәлімет беру. Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, ланкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу мақсатында 5 сынып оқушыларымен «Терроризм және оның зардаптары» тақырыбында сынып сағаты өтті.Қаңтар айында  9 сынып жетекшісі Айдосова А.Қ. «Ибалы адам , иманды қоғам» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаттың мақсаты:оқушыларға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт – дәстүрдің ара қатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру. Оқушыларды  ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілі мен дінін, салт – дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағатының барысында балаларға қазіргі кездегі өзекті мәселелерге байланысты  видеороликтер көрсетілді. 

                           

Жаңартылған күні: 20.02.2019 16:33
Құрылған күні: 20.02.2019 16:33

Текст