Математика
Уақыты:
Сыныбы: 4
Мұғалім: Торсанова Р.Қ
Сабақтың атауы
Қозғалысқа берілген есептерді шығару
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттар
Қозғалысқа берілген есептерді шығаруға, есепке сызба
құруға дағдыландыру; есептеу дағдыларын жетілдіру. Жақындау
жылдамдығы деген түсінікті бекіту.
Оқыту
нәтижесі
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығара біледі, есепке сызба
құруға дағдыланады; есептеу дағдыларын жетілдіру. Жақындау
жылдамдығы деген түсінікті қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
СТО, АКТ, Диалог, бағалау,
Ресурстар
Кесте, тақырыптық дидактикалық материалдар, үлестірме материалдар
Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтас тық атмосферасы
3 минут
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз.
Оқушылар бір- біріне сәттілік пен бестік баға тілейді.
Қызығушылықты ояту
7 минут
Үй тапсырмасын тексеру.
«Иә-жоқ» деп аталатын математикалық диктант.
*900х5=4500
*2800:70=4
*1300 бен 600 сандарының бөліндісі 33-ке тең.
*260 пен 520 сандарының қосындысы 780-ге тең.
*2000-ды 40 есе арттырсақ, 1500саны шығады.
*900-ді 9-ке арттырсақ 909 шығады.
*1х30 000000 тең болады 30000000.
*Санды 1-ге бөлсек, дәл сондай сан шығады.
*10 000-ді 0-ге көбейткенде 10000 шығады.
Мағынаны тану
20 минут
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
v – жылдамдық t – уақыт s – қашықтық S = v ∙ t
Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.
--Суретте не бейнеленген? --Машиналар қандай әрекет орындауда?
Сурет бойынша мына сұрақтарға жауап бер:
-- Машиналардың қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?
-- Олардың арақашықтығының өзгерісі туралы ше?
--Жылдамдықтары бірдей болғанда, бірдей уақыт аралығында жүрген жолдары туралы ше? -
--Жылдамдықтары әр түрлі болса ше?
--Ал жолда болған уақыты туралы ше?
--Кездескеннен кейін қозғалыстарын әрі қарай жалғастырса, қандай өзгеріс болады?
№2 Есепті шығарыңыз:
Екі ауылдан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 310 км, ал екіншісі 275 км жол жүрді. Екі ауылдың арақашықтығын тап.
S = S1+S2 S1 машина-- 310 км
S =310+275= 585 км ? км
S2 машина-- 275 км
Жауабы: S = 585 км
№3 Есепті шығарыңыз:
Екі ауылдан бір мезгілде екі салт атты бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты.Олардың біреуі кездескенге дейін 27 км, ал екіншісі одан 7 км артық жүрді. Екі ауылдың арақашықтығы неше километр?
I--27км 27+(27+7)=27+ 34=61 км
II--?,7км > ? км
Жауабы: S=61 км
№4 Өздік жұмыс.
V t S
60км/сағ 3сағ ?км S= 60 ۰ 3= 180 км
Х км/сағ 5сағ ?км S= хкм/сағ ۰5 с
80 км/сағ Хсағ ?км S=80км/сағ۰Хсағ
№5 Ауызшап орындаңыз.
№6 Өзіндік жұмыс. Бөлуді орындау,тексеру.
5576:68= 1254: 38= 223 872 : 32 =
11 745 : 27=
№7 Амалдарды орындау.
2м6дм۰43= 7м7дм۰98= 45м72см:36=
5км608м۰58= 5м7дм۰98= 74ц25кг:99=
Сергіту сәті
2 минут
Бағдаршам ойыны
Оқушылар серігіп алады
Ой толғаныс
минут
10минут
Шығармашылық тапсырма.
Суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар?
Үшбұрыш - 5, төртбұрыш --9
Үй тапсырмасы
5 минут
№5
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау, ОБ
Кері байланыс
1.Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
2.Қай тапсырма қиынға соқты?
3.Қай тапсырма оңай болды?
Балалар өз ойларын стикерге жазады