"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күніне арналған «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігі»

Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күніне

арналған «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігі»

атты айлық іс – шаралар

.

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас ассамблеясының бұрыштамасына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні болып аталып өтіледі. Бұл күннің тарихы 1931 жылы Женева аймағы қауымдастығы деп аталатын, яғни әлемнің барлық елдерінде жергілікті аймақ қауіпсіздігін құру туралы халықаралық келісімдерге қол қоюмен басталды. Биылғы жылы 1 наурызда «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен өтті. Осыған орай  «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күніне арналған айлық мектебімізде іске асырылуда. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен  «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері» және «Су тасқыны» тақырыбында сынып сағаттары  өткізілді.

Сынып сағаттарының мақсаты:

  Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Су тасқыны  туралы түсінік беру, одан қорғану, көмек беру жолдарын меңгерту.

 

Сынып  сағатында   орындаған  шығармашылық жұмыстар  оқушының қызығушылығын арттырып, ой-өрісін, есте сақтау  қабілетін дамытты.Жер бетіндегі және жер астындағы суды тиімді пайдалануға, суды ластамай, қорғауға баулу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тәртіплікікке, ұқыптылыққа, сабырлыққа, батылдыққа тәрбиеледі. 9 сынып жетекшісі Айдосова А.Қ. «Табиғат апаттары және оның түрлері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.Оқушыларды табиғи   апаттан сақтануға баулу. Балалардың ойлау қабілетін ,сөйлеу шеберлігі,төтенше жағдайлар жайлы    білетіндерін дамыту. әр оқушының өмір қауіпсіздігіне дайындық қабілеттерін  шыңдау.

  

 

 

 

 

Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өздеріне көп пайдалы мағлұмат алды. 1 наурыз нақты Азаматтық қорғаныс күнінде  мектеп оқушылары  салтанатты түрде сапқа тұрды. Оқушыларға Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы туралы қысқаша мағлұмат берілді.

    

 

 

 

 

 Төртінші сабақтан кейін мектебімізде дабыл соғылып, практикалық сабақ өткізілді. Мектебіміздің оқушылары айлық барысында алған білімдерін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

  

 

 

Осыған байланысты  мектебімізде  арнайы сабақтар өткізілді, ойындар, жарыстар, конкурстар ұйымдастырылды, олардың барысында оқушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игерді, әртүрлі дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде өзін қалай сақтап, айналасындағыларды қалай құтқаруды үйренді. Қазіргі уақытта күн сайын әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі орын алған кезде осындай іс-шараларды өткізу өте өзекті.

 

Айдарлы негізгі мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі: Воронова К.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bugin-bukilalemdik-azamattyk-korganys-kuni_a2751093

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 13.04.2019 11:33
Құрылған күні: 13.04.2019 11:33

Текст