"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ Б.Соқпақбаев" Педкеңес" 5 сынып

абақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп:  

 

Күні: 28.02.19

Мұғалім:   

 

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар  саны: 

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Адамгершілік -  асыл қасиет

 

Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Педкеңес».

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс

Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

А/И3. Көркем шығарманың тілі

А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау

Б/С4. Әдеби сын

Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне  шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу

Сабақтың мақсаты:

Көркем шығармадан эпизодтарды бөліп алуды үйренеді, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды, шығармадан алған әсері бойынша сыни хабарлама жазады.

Ресурстар

http://www.ikitap.kz/audiobook/2230-menin_atim_koja_povr/2230-menin_atim_koja_povr

 

Бағалау критерийлері:

  • Шағын үзінділерімен жұмыс жасай алады;
  • Көркем шығарманың тіліне талдау жасай алады;
  • Сыни хабарлама жазады.

Дескриптор

  • Үзінді бөліп ала алады;
  • Мәнерлеп оқи алады;
  • Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды;
  • Шығармадан алған әсері бойынша сыни хабарлама жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, бағалау

Тілдік мақсаттар:

 Дәйексөз, диалог, тұспалдау, деталь, суреттеу, дикция, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, шынайылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолдану

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу; «Шаттық шеңбер» (Жайдары Жансұлу, Жүйрік Жансая т.б.)
  2. Топқа бөлу: 1-топ: Зерттеушілер. 2-топ:  Жас ғалымдар

Үй тапсырмасын тексеру, Мәліметтер. Өткен тақырыпты пысықтау.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.

  • Қожа қандай бала?
  • Сабағымыздың тақырыбы не себепті «Педкеңес» деп аталады?
  • Оған кімдер сенім білдірді? т.б. сұрақтар төңірегінде өз ойларын алдыңғы білімдерімен ұштастырады.

Видео 

 

1-тапсырма. ТЖ.  «Маған ұнаған сюжет» «Педкеңес» әңгіме

Топтар мынаны талқылайды:

 

2-тапсырма.  Видео https://yan dex.kz/video/

Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен дүниежүзілік фестивальда қазақ киносында тұңғыш халықаралық жүлдеге ие болды. 2000 жылы ЮНЕСКО әлемдік киноның жүз жылдығында фильмнің бір эпизодын алып, одан пошта маркасын жасап шығарды. Бұл қазақ киносының орасан зор жеңісі.
«Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі. Олар фильмнен үзінді көріп, фильм нұсқасының  қаншалықты  сәтті шыққандығын талқылайды. Оқушылар фильмге пікір, сыни хабарлама жазады.

 

3-тапсырма: 1 топ: «Кітаппен жұмыс»

ТЖ.      Әр топқа берілген үзіндіні оқып, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды. Олардың сөз саптауындағы ерекшелікті анықтау үшін тілдік бейнелеу құралдарына сүйенеді.

Сәйбек қарт: - Бұл кім?
Қожа: - Мен ғой, ата. Мен Қожамын.
Сәйбек қарт: - Мұнда неғып отырсың?
Қожа: - Педсоветке келдім.
Сәйбек қарт: - Онда сенің не шаруаң бар?
Қожа: - Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
Сәйбек қарт: - Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?
Қожа: - Директор етеміз дейді.
Сәйбек қарт: - Онда тіпті жақсы. Жалақың көп болады.
2-топ:
Ахметов: - Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе?
Қожа: - Білемін
Ахметов: - Не үшін шақырып отырмыз?
Қожа: - Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар.
Ахметов: Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме?
Қожа: - Жоқ, оқығым келеді.
 

«Сөз маржан»

  1. Қаһар – араб сөзі. Бұл жерде: ашу, ыза, айбар,сұс, суық жүз.
  2. Тәжім – ізет қылды, басын иіп құрмет  көрсетті деген мағынада.
  3. Қарақшы – ұры, жол торушы.
  4. Пұшпақ – малдың, сирақ терісі
  5. Қақпан – аң аулау үшін  темірден жасалған  шаппалы құрал.Бұл жерде: алдында,, кедергі деген мағынада қолданылып тұр.
  6. Шарбақ – әртүрлі нәрселерден (ағаш, темір, т.б.) жасаған қоршау.

 

4-тапсырма:  «Проект қорғау» 73 бет.

Оқылым тапсырмалары.

  1. Хикаяттағы басты кейіпкер  Қожа мен оған  қатысты басқа  кейіпкерлерді  сызбаға орналастырып, олардың образын сипаттайық.

 

 

Қожа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-тапсырма: Тест

йыйық

Кері байланыс«Бес саусақ»

  1. Бас бармақ – басты мәселе. Тақырып  бойынша  ең құнды  мәселе  қандай болды?
  2. Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта, жұпта қалай  жұмыс жасадым?
  3. Ортаң терек – ойлану. Мен қандай білім мен тәжірибеалдым?
  4. Шылдыр шүмек – шынайылық. Маған шығарма  ұнады ма? Неліктен?
  5. Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен осы тақырыпты  оқу барысында өзімді  қалай сезіндім. 

 

 

Үйге тапсырма

 

«Менің қиялымдағы Қожа» тақырыбына эссе жазып келу

         

 

Жаңартылған күні: 13.04.2019 11:29
Құрылған күні: 13.04.2019 11:29

Текст