Кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсету
Мамандық дегеніміз адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиындығы. Мамандық таңдау жас өспірім кезеңдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Мен қандай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Үлкен өмірге қадам басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып,
тіпті алдарына жоспарда құрғысы келмейді. Сондықтан, адам өзінің жеке қасиетін, өзін-өзі тануын және жетістікке жетудің
бір жолы өзіңе сұрақ қойып оған жауап іздеу болып табылады.
Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әртүрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты.
Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады. Осымен байланысты сынып сағаттарында мамандық таңдау туралы жие әңгімелер өткіземіз.
Ұсыныс; 9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсету
Оқыған: Уахитова И. У.
2022 – 2023 оқу жылы