Күні.................. 19-сабақ 2-сынып
Сілтеме |
Дүниетану |
|
Тақырыбы |
Жапырақ |
|
Жалпы мақсаттар |
|
|
Керекті құралдар |
Әртүрлі өсімдіктердің жапырақтары |
|
Кейінгі тапсырмалар |
Үйге: 55-56 беттер оқу, 28-бет кесте толтыру. |
|
Жүргізетін жұмысым |
||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі І.Қызығушылықты ояту. – Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып «Күн шуағы» атты психологиялық тренингпен сабағымызды бастайық. Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік. Мұғалім :Табиғат, тіршіліксің тұнып тұрған, Сен күнсің көтерілген күліп қырдан. Сен көлсің, Сен ормансың, Сен бұлбұлсың, Адамды сұлулыққа құнықтырған. Сен жарықсың, Сен жерсің, Сен ауасың, Сен анамсың Бәрі менің өмірім сен сыйлаған. -Балалар, қалай ойлайсыңдар, өлең не туралы? (Табиғат) - Табиғат туралы қай кітаптан оқып білеміз? (Дүниетану) -Олай болса, балалар қазір біз дүниетану сабағын бастаймыз. ІІ.Үй тапсырмасы: (кубизм әдісі бойынша) Өсімдік туралы -Өсімдік деген не? (Өсімдік-тірі ағза) - Өсімдіктің неше тобы бар? (үш тобы: ағаш, бұта, шөп) -Өсімдік кімдерге керек? (адамдарға) - Өсімдік нелерге керек? (жануарларға, құстарға) -Өсімдіктің пайдасы қандай? (сусын, дәрі, тамақ, кітап, ауа, жеміс, ем) - Өсімдік өсу үшін не керек? (ауа, су, қорек, жарық, жылу)
І-топ Тамыр туралы -Тамыр деген не? (Тамыр өсімдікті жер бетінде ұстап тұрады.) - Тамыр өсімдікке не береді? (қорек) - Тамырдың неше түрі бар? (Кіндік тамыр, шашақ тамыр, жанама тамыр) -Тамыр неге тереңге кетеді? (Ылғал топырақтың терең қабатында сақталады. Сондықтан тамыр ылғалға жету үшін ұзарып кетеді) - Тамыры ұзарып өсетін өсімдіктер қандай жерлерде өседі? (Шөлді жерелерде) ІІ-топ: Сабақ туралы -Өсімдікке сабақ не үшін керек? (сабақ өсімдікті көтеріп тұрады) -Сабақтың қандай түрлері болады? (тік, өрмелегіш, шырмалғыш) - Сабақ неше түрлі қызмет атқарады? (5 түрлі) 1.Өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен жалғастырады. 2. Тірі ағзаның тіршілік етуін қамтамасыз етеді. 3. Сабақ қоректі топырақтан сіңіріп жер үсті мүшелеріне жеткізеді (яғни, бүршікке, жапыраққа, гүлге, жеміске) 4. Сабақта гүлдер , бүршіктер бекиді, жемістер пайда болады. 5. Сабақ тыныс алуға да қатысады. Үй тапсырмасын бекіту. Кестемен жұмыс. сусын ем ауа
тағам ӨСІМДІК жеміс
дәрі кітап
ІІІ. Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымен жел еседі. Кіп-кішкентай балалар Үп-үлкен боп өседі. ІҮ. Мағынаны тану.Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу.
Сұрақтар: -Адамға қыс мезгілінде не керек? (жылу) -Адам немен тыныс алады? (ауа) -Шіріндісі көп затты ата. (топырақ) -Күн бізге не береді? (жарық) -Судың түсі қандай? (мөлдір) -Сүттің түсі қандай?(ақ) -Қыста не жауады? (қар) Ортаңғы жолақтан бүгінгі тақырыпты оқыту. Ү. Жапырақ -Балалар, біз өсімдіктердің тамыры мен сабағын білеміз. Енді өсімдіктің сабағына көрік беретін не? Кім айтады? ҮІ. Ой қозғау стратегиясы. Жапырақ дегенде ойымызға не келеді? Жапырақ туралы мағлұмат беру. -Оқушы сөзі: Көктемде өсімдіктердің жапырақтары жап-жасыл болып шығып,олар әдемі,сәнді болып көрінеді Ыстық күндері ағаш көлеңкесіне жатып демалған қандай тамаша! Жапырақтар неге жасыл түсті болады?Күн сәулесінің әсеріне жапырақта хлорофилл деген зат түзіледі. Ол жапыраққа жасыл түс береді.Күн көзінің жарығы мен жылуы жеткілікті жағдайда өсімдік жасыл қалпын сақтайды. Оқушы сөзі: Күз басталысымен Күннің көзін жиі бұлт жабады.Күн шұғыласы өсімдіктерге жаздағыдай жарық пен жылуды бере алмайды.Сондықтан жапырақта бұрынғыдай хлорофилл түзілмейді де,олар сарғая бастайды.Кейбір өсімдіктердің жапырағы қызарады.Күз салқындаған сайын өсімдік жапырағы сарғая түседі. Топырағы салқындай ,өсімдік тамырлары суды аз тартады,өсімдіктің қоректенуі нашарлайды да,жапырақтар түсе бастайды.Күз соңында ағаштар мен бұталар жапырақтарынан айырылып,жалаңаш қалады Жапырақ өсімдіктің өсу мүшесі Жапырақ өскенде ұшынан бастап өседі. Өсуі 30-40 күнге созылады. Жапырақ кезектесе, топтаса, қарама-қарсы орналасады. Жапырақ тақтадан және сабақтан тұрады. Жапырақтың жалпақ бөлігі тақтасы, жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Бір тақтасы бар жапырақ жай жапырақ деп аталады. Бір сағақта одан да көп жапырақша болса, күрделі жапырақ деп аталады. Жапырақ бойында әртүрлі реңдер болады. Жапыраққа жасыл рең беретін хлорофилл. ҮІІ. Оқулықпен жұмыс : 55 - 56 беттерді оқиды, өзіңе керекті жерді жазып ал. ДЖИГСО-2 стратегиясы бойынша білімдерін пысықтау. -Жапырақ нені жұтады? -Жапыраққа еріген тұз, су не арқылы келеді? -Жапырақ арқылы өсімдік не алады? -Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын неге сүртеді? - Жапырақ пішіндері қандай болады? -Жапырақ өсімдіктің қай мүшесіне орналасқан? -Сабақтың жапырақ үшін пайдасы қандай? (Сабақ жапыраққа тамырдан қорек жеткізеді) ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс І топ: Жапырақта су бар екенін дәлелдейді. Топқа: қайшы, жапырақ, салфетка беріледі. ІІ топ: Жапырақ көктемде, жазда, күзде қандай болады? І топ: Жапырақ суретін салып, қызметін жазады.
ІІ топ: Жеке жұмыс: Өлеңді толықтыр. ..........................тамаша, ..........................қараса. ..........................жұлмаймыз, ..........................болмаймыз
ІХ. Ой толғаныс. Өсімдік мүшелерін ағаш түрінде құрау: тұқым тамыр сабақ жапырақ гүл жеміс Ағаш көркі жапырақ. Ағашқа әдемілік беретін-жапырақ. Оқушы сөзі: ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы бар. Сол Заңның 38-бабында табиғатты қорғау, оны таза ұстау әр адамның міндеті делінген. Балалар келешекті көркейтетін біздер. Айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Мұғалім: Балалар, айналамызға жасыл өсімдіктер өсіруге сендер де ат салысыңдар. Табиғатты қорғаңдар, өсімдікті көп өсіріңдер. Х. Өзін-өзі бағалау: Топ басшысы бағаларды жазады. Сабаққа рефлексия жасап, мұғалімнің бағасымен ортақ баға қойылады.(сумативті, фармативті бағалау жүреді) Кері байланыс стикерге жазып , тақтаға жапсырады. Үйге тапсырма: 55-56 беттер оқу, 28-бет кесте толтыру.
|
Оқушылар мұғалімдермен амандасады. Шеңберге тұрады, бір-біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар топта мұғалім оқыған әр сөзге көңіл бөліп отырады. Ойға беріледі. Өлең мазмұнын түсінеді.
Сұраққа жауап береді.
Үй тапсырмасын еске түсіреді.
Топтарға жеке-жеке сұрақтар қойылады, топ мүшелері топта талдап дұрыс жауап айтуға тырысады.
Топта өсімдіктің тамыр туралы алған білімдерін пысықтайды, топпен ақылдаса отырып жауап береді.
Өсімдік сабағы туралы білетіндерін ортаға салады. Топта бір-бірін тыңдайды, қорытынды айтады.
Үй тапсырмасы топтастыру арқылы бекітіледі.
Оқушылар бой сергітеді.
Топтар сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі күннің тақырыбын ашады.
Жапырақ туралы өз ойларын (жасыл түсті бояумен)жазады. Оқушылар жеке, жұппен, топта, ортада ойларын айтады.
Әр топ басшысы жапырақ туралы мағлұматтарын оқиды. Топтағы оқушылар керек жерлерін түртіп алып, жазып отырады.Қосымша материалдар оқылады. (флипчартты жалғастырады, көк түсті бояумен жазады)
Оқушылар флипчартты (қызыл түсті бояумен) толтырады.
Мұғалімнің көрнекілік арқылы түсіндіргенін есте сақтайды. Керек жерін түртіп алады.
Үй тобында жазады, жұмыс тобына барып қосымша мәлімет алады, үй тобына оралады
Топтар берілген тапсырманы топта ойланып, қорытынды жасай отырып, ортақ шешімге келеді.
Топ басшыларына жеке жұмыс беріледі. Ойланады, ойларын жазады.
Оқушылар топпен берілген өсімдік мүшелерінің суреттерін салады.
Оқушылар өздерін-өздері бағалайды. Топ басшысы оларды жазады.
Сабақ барысы туралы ойларын стикерлерге жазып құраған ағашқа жапсырады. |