Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: «Сәулет өнері»
Күні: 2 тоқсан
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні :Искожа Арайлым Сайлаубековна
Сынып: 3
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
№ 60. Жалаң және жайылма сөйлем
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.4.2.8 мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
-сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
-үлгі негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;
-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады
Оқушылардың көбі:
-қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-сөйлем сызбасы негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;
-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі:
-қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады
Бағалау критерийлері
- сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- каллиграфиялық дағдыларды сақтап жазады
Сөздік қор
Пәндік терминология мен тірек сөздер:
Жай сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем т.б.
Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқылау үшін сұрақтар:
Бейнелеу өнерінің түрлері?
Портрет дегеніміз не?
Натюрморт дегеніміз не?
Пейзаж дегеніміз не?
Құндылықтарды дарыту
Табиғатты қорғауға баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу
Пәнаралық байланыстар
Жаратылыстану, өнер
Алдыңғы меңгерілген білім
Сөйлем мүшелерінің байланысы.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Т) Тыйым сөздер.
Суға түкірме.
Суды лайлама.
Су ішетін құдыққа түкірме.
Бұлақты былғама.
Көкті жұлма.
Орманды өртеме.
Тыйым сөздердің мағынасын ашу.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.
Презентация
Қосымша №1
Сабақтың ортасы
5-11 минут
11-15 минут
15-17 минут
18-20 минут
21-26 минут
26-27 минут
28-32 минут
32-35 минут
ІV. Негізгі бөлім
3.1.3.1 (Т) Берілген жағдаяттан шығуда жоспарлы, жүйелі сөйлеу. Оқушыларға жағдаят ұсынылады.
Жағдаят үлгісі:
Мұғалім сабақта қалаға көркем туындылар көрмесі келгендігін айтты. Досың екеуің сабақтан соң сурет көрмесіне баруға келістіңдер. Кездесу уақыты мен жерін белгілеп, үйлеріңе тарастыңдар. Үйге келсең анаң сырқаттанып қалыпты. Сенен үйде қалып, ініңе қарауыңды өтінді. Досыңа қоңырау шалып едің, телефоны сөндірулі екен. Келесі күні сабақта досың сенімен сөйлеспей теріс айналып кетті..
Бұл жағдаяттан қалай шығар едің?
Жағдаят топтық жұмыста ұйымдастырылады. Жағдаяттан шығу жолын ұсынбас бұрын оқушылар бірін-бірі бағалаудың критерийлерімен таныстырылады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бір-бірін бағалайды.
Бағалау критерийлері:
- жағдаят мазмұнына сай сөздер тізбегін тиімді қолдана алады;
- дәлелді ой тұжырымын жасайды;
- сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады.
3.2.4.1 (МК; Ұ; Қ) 36-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау. Өз пікірін негіздеу.
-Мәтінде не туралы айтылған?
-Бейнелеу өнерінің жанрлары туралы не айта алсың?
-Саған қандай жанр ұнайды? Не себепті?
(Ө, Ұ) Тапсырма 1. Қосымша ақпарат алу.Сәйкестендіру. Түрлі дереккөздерді пайдалану.
Пейзаж жансыз заттар, бұйымдар
Портрет табиғат (табиғат көрінісі)
Натюрморт адам (адам келбеті)
Тарихи жанр хайуанаттар мен жан-жануарлар
Анималистік жанр оқиғалар (белгілі-бір оқиғалар)
(Ж) Тапсырма 2.
Дұрыс сәйкестендірген ұғымның екеуін таңдап алып, құрамында тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем құрап жаз. Содан кейін тұрлаусыз мүшелерді алып тастап жаз. Екі сөйлемді салыстыр.
Үлгі:
1. Натюрмортта жансыз заттар, бұйымдар бейнеленеді.
2. Заттар бейнеленеді. Бұйымдар бейнеленеді. Заттар, бұйымдар бейнеленеді.
Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. Екі бағандағы сөйлемдерді бір-бірімен салыстыру арқылы құрамында тек тұрлаулы мүшелер болатын және тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемдер болатындығын аңғарту.
(МК) Жаңа ақпаратпен жұмыс.
Ереже: Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді: Асан оқыды.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді: Асан дауыстап оқыды.
Сергіту сәті!
3.4.2.8 (МК; Ө; Қ) 38-жаттығу. Есте сақтау диктанты.
Жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақты жатқа жазады. Жай және жайылма сөйлем түрлеріне қарай ажыратады. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетеді.
(Ө; Қ) 39-жаттығу. Берілген сызбаны өз беттерінше толықтырады. Мысалдар келтіру арқылы өз ойларын дәлелдейді. Орындаған жұмыстарын топта оқып, талдайды. Өзін-өзі «Басбармақ әдісімен» бағалайды.
Қосымша №2
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Оқулық
112-бет.
Энциклопедия
Қосымша №3
Парақшалар
Оқулық
№2 Дәптермен жұмыс
114-бет.
Оқулық
114-бет.
Сызба
Слайд 7
Сабақтың соңы
35-40 минут
Рефлексия.
(Ө; Қ) Суретші шығармасы жазылған сурет қиындыларынан картина құрастыру. Суретші шығармасын талдау. Сурет бойынша бір жалаң және бір жайылма сөйлем құрастыру.
(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру.
Бағалау критерийі
Қолымнан келеді
Қиналамын, себебі
сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысамын
жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратамын
мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтаймын
каллиграфиялық дағыларды сақтап жазамын
Үй тапсырмасы:
Өз бөлмеңнің суретін салып, салған суретіңді 3-4 сөйлеммен сипаттап жаз. Сөйлем мүшелеріне қарай талда.
Кесте
Қосымша №4
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.
Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Дереккөздерден қосымша мәлімет алуларына жағдай жасау.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.
Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде жүзеге асырылады.
Топтық жұмыс барысында сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлеуін, диалогке белсенді қатысуын, жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алатындығын бағалау.
Топта бірі-бірі тыңдауына, сыныпта ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?
Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?
Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?
Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?
Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?
Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?
Қорытындылау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?