"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс – шара

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған

«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты музықалық іс – шара.

 

Қалың ойын өлең өрнегімен өргізген ұлы ойшыл Абай түркілік дүниетаным болып табылатын мораль философиясын өзгеше реңте, жаңашылық сипатта, өзіндік нақышпен бедерлеген соны үлгіде, табиғи болмысымызға тән кең тыныста түлетіп, қазақ әдебиетін шырқау биікке көтереді. Быйылғы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың  175 жылдығына орай біздің Айдарлы  негізгі мектебінде көлемді тәрбиелік  іс-шаралар өтіліп жатыр. Наурыз айының 2 - сі күні  «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»  әдеби-музыкалық кеш өтті. Кештің мақсаты: балаларды Абай шығармашылығы арқылы адамгершілікке, имандылыққа, Отанын, елін сүйуге ізгілікке кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Кеш барысында Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» , «Желсіз түнде жарық ай»  әндерін мектебіміздің  жоғарғы сынып оқушылары орындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өлең сөздің патшысы сөз сарасы» деп данышпан ақынымыздың айтқанындай әдеби кеште мектебіміздің барлық оқушылары Абай атаның лирикалық өлендерін мәнерлеп жатқа оқып белсенді қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді нақышына келтіріп , мәнерлеп оқыған және белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Халқымыздың данышпан ақынының әрбір сөзі бізге өнеге, Абайдың салып кеткен сара жолымен айтып кеткен  ақылымен бірге жасап, бірге өсіп келеміз.Егеменді ел атандық Абай сөзі, Абай шығармашылығы заман тынысы ,халық үні.Тәуелсіз елдің балалары туған Отанының келешегінің  жарқын болуы үшін білім алып ұмтылуда. Ақылды да дарынды жастардың талпынысына ұлы аталарының жыры  демеу болады деп ойлаймын.

 

 

 

Қазақ тілі қазақ әдебиетінің мұғалімі: Құрманғожина Ж.В.

Жаңартылған күні: 19.03.2020 17:22
Құрылған күні: 19.03.2020 17:22

Текст