Тенинг-жаттығудың мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру
Қатысқандар: 11 сынып оқушылары
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларды бір- бірден қарсы алып қол шатырдың астына кіргізіп билетіп кіргізу.Әр бала қолшатырдан бір конфетен алады. Орындарға отырады.
Құрметті оқушылар! Сендер үшін жаңа өмір басталғалы отыр – сендер үшін бір белес. Мұндай белестер өмір мектебінде көп болады. Осы алдағы белестерден сүрінбей өтулеріңе ата-ана да, ұстаздарың да тілектес. Сүрінбей өту үшін білімді, сенімді болуымыз керек. Қиындықтарға төтеп беретін психологиялық рухани күш керек. Сондықтан да біз бүгін сендермен осы тақырыпта психологиялық дайындықты күшейту үшін осында шақырып отырмыз. Сәттілік тілейміз!
«Талдау»
(ҰБТ сөзіне талдау жасалынады)
«ҰБТ – бұл …»
Сендер үшін не?
Енді осы ҰБТ-де сәттілікке жету үшін бізге қандай факторлар керек деп ойлайсыңдар?
Өз өзімізге сенімді,эмоциямызды ұстай білу,қиындыққа төзімді болу үшін бүгінгі тренинг жаттығуларымызды бастаймыз.
1.Танысу шеңберге тұруыңызды сұраймын. Әрқайсысы өз атын, сондай-ақ өзінің шынайы хоббиінің бірін және қалаған бір хоббиін бір сағаттық тілмен кезекпен атайтын болады. Сіз қалаған, бірақ әзірге белгілі бір себеппен жүзеге аспаған нәрсе. Сөйтіп, есімі, шынайы хоббиі мен қалаған хоббиі.
(Танысу соңында) Ал енді ыңғайлы болу үшін сіз сөйлесуге неғұрлым ыңғайлы деп санайтын атыңыздың нұсқасын стикерлерге жазуды ұсынамын. (5 минут
2.«Өзіңді – өзің бағалау» тесті
Түсіндірме: Оқушыларға тест парақшасы беріліп, шкала бойынша толтыру ұсынылады. Дембо – Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне сенімділігін бағалау. Кез-келген адам өз қабілеттілігін, мүмкіндігін, мінезін т.б. қасиеттерін өзінше бағалайды. Адам сапасының өсу деңгейі әр түрлі, ол адамзат қоғамында ең төменгі дәрежеден, ең жоғары нүктеге дейін бағаланады, сендер төмендегі берілген 7 қасиет бойынша өзіңіздің қасиеттеріңізді 100 балдық шкала бойынша бағалаңыз және әрбір шкалада қасиетіңіздің байқалу деңгейін белгілеңіз. Осыдан кейін әр шкала бойынша балдарды қосыңыз және 7 санына бөліп, орташа арифметикалық мәнін табыңыз.
1.Денсаулық;
2.Ақыл, қабілет;
3.Мінез;
4.Бақыттылық;
5.Ұқыптылық;
6.Ішкі дүниесі;
7.Сенімділік.
45 балдан төмен өзін -өзі бағалау денгейі төмен 75 – 100 жоғары
Өзін – өзі бағалау деңгейі төмен Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым төмен бағаламайсыз. Сырт көзге көріне бермесе де, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Сіздің мүмкіндіктеріңіз сіз ойлағаннан жоғары Өзін – өзі бағалау тепе – тең Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің бағаңызды жақсы білесіз Өзін – өзі бағалау аса жоғары Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл адамдармен қарым – қатынаста белгілі қиындық тудыруы мүмкін.
4. «Стрессті қалай жеңуге болады?»
Ойын барысы: Ортаға 6 оқушы шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.
Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.
в) «Қар қиыршықтары» жаттығуы. «Қар»
Мақсаты: оқушылардың бойындағы ашу-ыза, қорқынышты сейілту.
Нұсқау: оқушылар ақ қағаз алады да оны доп сияқты қылып жасайды. Оқушыларды 2 топқа бөліп, бір-біріне жасаған қарларын лақтырады. Берілетін уақыт 3 минут. Кімде қар аз болса сол адам жеңімпаз атанады.
4. «Стрессті қалай жеңуге болады?»
Ойын барысы: Ортаға 6 оқушы шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.
Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.
Ойын « Оркестр»