Айдарлы негізгі мектебі бойынша
Снюс туралы өткен сынып сағаты
жөнінде есеп.
2019 – 2020 оқу жылы
Айдарлы негізгі мектебінде қаңтардың 17 – сі 6 – 9 сынып оқушыларына «Снюс дегеніміз не және ол несімен қауіпті?» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында снюс өнімдерінің балалар мен жасөспірімдердің ағзасына зиянды әсері туралы ақпарат берілді. Снюсті тұтыну әсіресе балалар мен жасөспірімдерде сабақ үлгерімінің төмендеуі, қызығушылықтар шеберінің азаюына әкеліп соғады. Снюстің ағзаға зияндылығы: психомотриялық қозудың пайда болуы, мінез-құлықтың өзгеруі.
жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары;
тістің бұзылуы, пародонтоз;
бой өсуінің баяулауы және тоқтауы;
есте сақтау қабілеті мен назар аударудың концентрациясын нашарлауы; ашушаңдылықпен тітіркенудің жоғарлауы;
иммунитеттің төмендеуі және инфекциялық ауруларға қарсы тұралмауы;
ауыз қуысында, асқазанда онкологиялық аурулардың пайда болуы туралы видеороликтер көрсетілді. Сосында балалардан сауалнама алынды. Сауалнамаға 20 оқушы және 12 ата – ана қатысты.