Тақырыбы: Адалдық сағаты
Мақсаты: Оқушыларға өмірде ата-анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінінбілуге тәрбиелеу.
Барысы: Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
Адалдық өмірінде керек нәрсе,
Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін-өзі меңгермесе, демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен , ата-анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық сағаты» атты пікірталасу сағатына қош келдіңіздер. Келген қонақтар, оқушылар бүгінгі кеште адалдық, адамдық жайында ойымызды ішімізге бүкпей ортаға сала отырайық. Бүгінгі пікірталасу сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І-бөлім- сұрақтарға өз ойын білдіру.
ІІ-бөлім- адалдық, адамдық туралы мақал-мәтелдерге түсінік беру.
ІІІ-бөлім- ситуациялық сұрақтарға өз ойын білдіру.
І-бөлім.
ІІ-бөлім. Мақал-мәтел халық даналығының бір түрі.Олардың тақырыптары да әр алуан. Мақал-мәтелдің мағына -мәні де терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізеді. Ендеше бүгінгі адалдық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді айта отырып, мағынасын түсіндіріп өз ойымызды білдірсек. «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді»дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз түсініктерін, өз ойларын айтты. Осы тақырыпта тағы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
ІІІ-бөлім. Бүгінгі кешімізге келген қонақтарымызға дайындаған ситуациялық сұрақтарымыз бар. Ендеше кезек берейік.
1.Сенің Айнұр шын сырлас, мұңдас досың. Ол сыныбыңдағы Айгүлмен ренжісіп қалады да саған келіп Айгүлдің кемшіліктерін айтып досыңды жамандады. Сенің әрекетің?
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Қазақ халқы қандай да бір дау шықса билерге барып істің ақ-қарасын, әділдігін шешеді. Ендеше бүгінгі кешімізге оқушылардың дайындап келген адалдық жайында ертегілері бар екен. Соларға кезек берейік.
Білім мен өнерді сүй, сусында,
Деп айтсын ел «Осындай ер тусын да!»
Арың адал, әділ болсаң әрқашан,
Дүниенің бар бақыты уысында.
Бүгінгі кеште ойымызды ортаға салып адалдық, адамдық туралы көп нәрселер айтылды. «Адалдық-адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.