"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математикадан сабақ жоспары 4-сынып

1-сабақ

 

Мектеп:

Сабақ  тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару. Есеп шығаруға берілген дөңгелек диаграмма

Күні

Мұғалімнің есімі

 

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

 

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

 

4.5.1.1 есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу

4.5.1.2 есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген  уақыт, атқарылған  жұмыс; өнімділік/ егіннің түсімділігі; ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт шамаларырының өзара тәуелділігін пайдалану

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу ережелерін білетін болады.

Көптеген оқушылар:

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген  уақыт, атқарылған  жұмыс; өнімділік/ егіннің түсімділігі; ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт шамаларырының өзара тәуелділігін пайдалану үшін  қолдануды білетін болады. 

Кейбір оқушылар:

қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алу және  қолдануды білетін болады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу ережелерін білетін болады.

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген  уақыт, атқарылған  жұмыс; өнімділік/ егіннің түсімділігі; ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт шамаларырының өзара тәуелділігін пайдалану үшін  қолдануды білетін болады. 

қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алу және  қолдануды білетін болады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

Оқушылар: санды қосындыға көбейту санды көбейтіндіге бөлу мен көбейту ережелерін  тұжырымдауды біледі.

Терминология:

Пәндік лексика және терминология       

Қосынды,көбейтінді, бөлінді, формула.

алгоритм, дөңгелек диаграмма, график

Сөз тіркестері:

Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:        

Бұл ережелерді не үшін қолдануға болады?

Ережелерді есептеулер ыңғайлы болу үшін қалай қолдануға

болады?    

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Электронды тапсырмалар.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

шамалар арасындағы тәуелділікке, пропорционал бөлуге, белгісізді екі айырым бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

(Ұ) «Сиқырлы қапшық»

Қапшыққа салынған  саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті)

2-топ: « Ептілер » (сары түсті)

3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті)

Шаттық шеңбері

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен,  қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?

Оқушы:  —  Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы:  —  Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?

Оқушы:  —  Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?

Оқушы:  —  Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мүғалім: —  Ал басың не үшін керек?

Окушы:  —   Бәрін-бәрін ойлау үшін.

 Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Өзектендіру.

1 тапсырма

 Есепте. Жауаптарды өсу ретіне қарай дұрыс орналастырсаң, сен түсім туралы мақалды оқи аласың.Сандар сыныптары арасында бос орын қалдыруды ұмытпаңыз.

9 100 · 30 =

2 500 · 30 =

2 000 · 50 =

 

 

 

 

 

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

 

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Ортасы

 

Диаграмманы пайдалану

Есіңде сақта!

   Кейбір есептерді шығару үшін дөңгелек диаграмманы пайдалану ыңғайлы.Дөңгелек диаграммалар — бұл әрқайсысы есепте берілген мәліметтерді көрсететін секторларға бөлінген дөңгелек графиктер.

Дескрипторы:

Өзара байланысты шамаларға қатысты есептерді шығаруды, диаграмманы оқуды қайталайсың.

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

Белсенді оқу тапсырмалары.

 

 

 

Аяқталуы

 

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Ойтолғаныс кезеңі.

5 Тапсырма

  Есептегі мәліметтерді диаграммада көр­сет. Дәптерге диаграмма сызып, берілген мәліметтерді жаз. Есепті шығар.Сүт фермаларының бірі өнімдерін мынадай арақатынаста шығарады: барлық өнімнің жар­тысын сүт өнімі құрайды. Төрттен бір бөлігі – айран, сегізден бір бөлігі – майлы айран және сегізден бір бөлігі – кілегей. Егер 60 л сүт шығарылатын болса, онда фермада басқа өнім­дер қанша литрден шығарылады?

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Білім сандығы» кері байланыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары  арқылы білдіре алады.

 

Қосымша ақпарат

 

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

 

 

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

Жаңартылған күні: 11.01.2021 15:12
Құрылған күні: 11.01.2021 15:12

Текст