"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырауының алдын алу"

"Педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырауының алдын алу"

Мақсаты: Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология ғылымынан мәлімет беру.

Қатысушылар: мұғалімдер

Қажетті құралдар:суреттер, тренинг ережесі, үлестірмелі қағаздар, маркерлер.

Тренинг жоспары:

  1. «Дене мүшелер биі»
  2. кіріспе
  3. Кәсіби жанған педагог кейпі» сурет
  4. «Лимон» жаттығуы
  5. «Шыбын» жаттығуы
  6. Кеңес жадынамалары
  7. «Жылы лебіздер»
  8. Рефлексия

Кәсіби қажу – ол синдром әрдайым қайталанып отыратын стресстың себебінде эмоционалды – энергетикалық  және жеке ресурстарының төмендеуіне әкеп соғады. Кәсіби қажу синдромы — ең қатерлі кәсіби ауру. Ол  төмендегі маман иелеріне тән яғни адамдармен үнемі қарым-қатынаста болатын мамандар: -әлуметтік жұмысшылар, психологтар, менеджерлер, дәрігерлер, журналистер,  бизнесмендер және саясаткерлер. Ең бірінші зерттеушісі Кристина Маслач өз кітабін «Эмоциональное сгорание — плата за сочувствие» деп атауы жай болмаса керек. Өйткені көмекші болып, барлығын түсіну өте қиын. Ішімізде жиналған жағымсыз жағдайларды сыртқа  шығара алмағандықтан кәсіби қажу пайда болады

Мұғалімдердің  қажуына  не  әсер  етеді?

Күнделікті  психикалық ауыртпашылық

өз-өзін  көмекке  итермелеу

Оқушыларға  деген  жоғары  жауапкершілік

интеллектуалды – энергетикалық   күш  жұмсау  арасындағы  байланыстың  болмауы және оның  моральді   және  материалды марапаттаумен  сейкес  келмеуі

рөлдік  шиеленіс  және «қиын» оқушылардың  әрекеттері

үй  шаруасымен  жүктелу, отбасына  және   балаға деген уақыттың  жетіспеушілігі

Кәсіби қажудың белгілері

  •   Әр дайым шаршауды сезіну;
  •  Эмоционалды зорығу сезіну;
  •  Қабылдаудың төмендеуі;
  •  Себепсіз бастың, асқазанның жиі ауыруы;
  •  Тез арада толуы немесе арықтауы;
  •  Ұйқының қашуы немесе әр дайым

  ұйқысы келуі;

  •   Тәбеттің болмауы немесе керсінше

   көп тамақ жеуі;

 Ашуланшақтықтың, агрессивтің күшеюі

  1. «Дене мүшелер биі»

Енді көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында қазір барлығымыз орнымызда отырып, билейміз. Биіміз ерекше болады. Мен бір дене мүшесін айтам, тек қана сол дене мүшелеріңізбен билеу қажет. Ал бастайық

  1. Саусақ биі
  2. Қолдар биі
  3. Бас биі
  4. Иықтар биі
  5. Ішімізбен билейміз
  6. Аяқтар биі
  7. Кәсіби жанған педагог кейпі» сурет ( музыка пение птиц)
  8. Құрметті мұғалімдер, қазір сіздерге 2 топқа боліну қажет. Алдарыңызда жатқан ватман қағазына фломастермен кәсіби жанып кеткен адамның суретін саласыздар.Оның іштей күйіп, шаршағанын сөзбен емес сурет арқылы жеткізесіздер. Ал, бір бірден суретті көрсетейік. Не көріп тұрсыздар? Эмоционалдық  көңіл күйі қандай?
  9. Енді 2 топ өз салған суреттермен алмасып, эмоциялық күйген адамның суретін жандандырып,  жағымды сөздер арқылы немесе позитивті суреттер арқылы адамды күйзелістен алып шығасыздар.
  10. Енді құрметті мұғалімдер осындай негативті жағдайдан, эмоционалдық күюден шығу үшін мынадай кеңес жаттығулар жасауға болады.

«Лимон» жаттығуы

Орындыққа отырып, қолдарығызды тізеге қойыңыздар. Оң қолығызға ойша лимон алыңыздар. Лимонның шырыны сығылғанша қысамыз. Одан жай қолымызды босатамыз. Келесі сол қолмен жасаймыз.

«Шыбын» жаттығуы

Орындыққа отырамыз, көзімізді жұмыңыздар. Енді бетіңізге шыбын қайта қайта қонғаның елестетіңіздер. Сіздің мақсатыңыз тек бетпен жұмыс істеу арқылы шыбынды ұшыру. Жарайсыздар!

Кеңес жаднамалары

Жұмыс аптасының басында стреске шалдығуға еш болмайды. Егер сондай жағдай орын алып, жұмыстан жалығып, шаршап қалсаңыз, 5 минутта стрестен арылудың 5 жолымен таныс болыңыздар.

  1. Серуендеп келіңіз. Мүмкіндік болса, таза ауаға шығып, серуендеп келіңіз. Жұмыс уақытында кеңсеңізден шығуға болмаса, кеңсенің ішін аралап қайтыңыз. Басқа қабаттағы әріптесіңізге, бұрыштағы ешкім отырмайтын бөлмелерге соғып келіңіз. Бастысы орныңыздан тұрып, компьютерден бірнеше минутқа болса да демалыңыз. Осы уақытта ойыңыз жинақталып, жұмысқа жаңа қарқынмен кірісе аласыз.
  2. Кітап оқыңыз. Кітап оқу — көңілді басқа нәрсеге аударып, сәтсіздіктерді ұмытудың бірден-бір жолы. Ертегі, шытырман оқиғаға толы әңгімелер осы жағдайға дәл келеді. Бастысы кітап оқу арқылы ойыңыз басқа жерге ауысып, қиындықтарыңыз алыс жерде қалуы керек. 5 минуттық кітап терапиясынан кейін өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.
  3. Қызықты бейнебаян қараңыз. Жұмыстан 5 минутқа демалып, ғаламтордан қызықты, күлкілі бейнебаян тауып қараңыз. Стресс осындай дауадан кейін өзімен-өзі жоғалып кетпек.
  4. Шай ішіңіз. Кофе емес, шай! Кеңсеңізде емдік шөпті шай болса, тіптен жақсы. Шай қайнатқанша, сергітіп, тыныштандыратын дәрілік шайдың әсерінен де біраз демалып қаласыз.
  5. Терең демалыңыз. Қиындық жайлы ойланып, уайымдап отырғанда, тынысыңыз жиілеп, ағзаңызға ауа жетіспейді. Сол себепті тынысыңызды дұрыстауға тырысыңыз. Кеудемен емес, ішпен дем алып көріңіз. Дәрігерлердің айтуынша, осындай тыныс жаттығулары кез келген ауруды тез арада басып, ағзаның жұмысын жақсартады. Ал денесі саудың көңілі де жайлы болады емес пе?

Тренинг сергіту сәтімен аяқталады.

Мектеп психологі: Тулебаева Б.Б.

 

Жаңартылған күні: 20.01.2023 11:22
Құрылған күні: 20.01.2023 11:22

Текст