Қарттар – біздің асыл қазынамыз»
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Армысыз ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары - дей отырып «Қарттар – біздің асыл қазынамыз» атты 1-қазан Халықаралық қарттар күніне арналған Айдарлы негізгі мектебі және ауылымыздың мәдениет ошағымен бірігіп, салтанатты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Өткізген іс – шараның мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.