«Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы»
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар
Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке қуанышты балалар,
Хош келдіңдер, хош келдіңдер, ата- аналар, қонақтар!
Құрметті «Балбөбек» балабақшамыздың көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз!
Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!
Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар.
Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата- ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Бүгінгі 1- маусым Балалар күніне арналған «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Б.К.Қабанбаеваға береміз.
Ән шашу : «Біз бақытты баламыз!»
Жүргізуші : Балалар, бүгін бізге қонаққа бүкіл әлемге жарық жылу беретін күн келу керек еді. Бірақ күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты. Жарық, жылу беретін күнге көмектесеміз бе? Қанекей қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдар ма?
-Күнге нелер кедергі болып тұр? Бұлттар күнді бізге қарай жібермей тұр. Күнді құтқару үшін бәріміз бірігіп сиқырлы сөздерді айтайық.
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Көк аспанда күн күлсін
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!
Жүргізуші: Айзеренің орындауында «Балақан» әні. Қарсы алыңыздар!
Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
Қуыршақ биін билейді томпаң қағып
«Ақ шағаланың» шуақты сәбилері
«Қуыршақтар» биі орындайтын: «Ақ шағала» тобы
Жүргізуші : Балалардың бақшасында бүгін той
Балаларды қорғау күні біліп қой
Тақпақ айтып кезектесіп бір- бірлеп
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп
Ән: «Әй-әй бөпем»
Жүргізуші: Біздің топта ұл – қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар жанға
Тек жақсылық ойлаймыз
Жүргізуші: Сүйкімділер, періштелер сендерсің
Қандай бақыт өздеріңе тең келсін
Данышпанда, ғарышкерде, ғалымда
Ең алдымен балалықты меңгерсін
Жүргізуші: Йә, рас, бала болған бәрі де
Салған олар балалықтың әнін де
Бала кезін еске алып отырсақ
Сол емеске тіршіліктің мәні де!- дей келе ата-аналар сіздерді ортаға ойын ойнауға шақырамыз.
Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып
Қыран биік самғайды қанат қағып
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
«Джентельмендер» биі
Жүргізуші: Бүгін қызық бүгін той
Бәрін оны біліп қой
Ән де салып би билеп
Жалғастырсын ойды ой
Бірге болсын ойымыз
Құтты болсын тойымыз
Қыздарымыз шаттана
Би билесін шаттана
«Көбелек биі» биі
Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын әрбір күнің арайың
Қадамдарың сәтті болсын балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!
Бақшаға біз гүл ексек ,
Балдырғаным, сен үшін,
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар, күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең! –деп, «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқтай келе, балаларды мерекелік дастарханға шақырамыз. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Қызықты ойындар.
Эстафеталық ойын: «Жылдамдықты арттыр!»
«Кім епті?» ойыны