Әдістемелік кеңес. қараша
Мектебімізде кезекті әдістемелік кеңес өткізілді. Жоспар бойынша барлық тақырыптар қамтылды. «Бастауыш сынып оқушыларға арналған тиімді қолданылатын цифрлық платформалар» тақырыбына бастауыш сынып мұғалімі Искожа А.С. өз тәжіребиесімен бөлісі, тиімді цифрлық платформаларды көрсетті. «Жасанды интеллект және цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану» тақырыбына тарих пәні мұғалімі Уахитова И.У. басқа тиімді платформалармен таныстырды. Балабақша тәрбиешісі Ибраева К.С. «Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік дамыту жолы» тақырыбы бойынша балалардың ойындарын дамыту ойындармен таныстырды. Және мектеп психологі Тулебаева Б.Б. «Сенің жанымда болғаның жақсы» («Педагогтардың тұлғалық өсуі және кәсіби жаншылудан қорғану механизмдері» «Мұғалімдердің эмоционалды күйзеліске ұшырауын алдын алу») тренинг өткізді. Мұғалімдер жақсы әсер алды.
