"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру

9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандығын  анықтауға көмек көрсету

 

Мамандық дегеніміз адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиындығы. Мамандық  таңдау жас өспірім  кезеңдегі  ең маңызды  шешімдердің бірі. Әр адам ерте ме, кеш пе  өз өмірінде «Мен қандай  мамандық  иесі  боламын?» деген  сұрақтарға  жауап іздейді. Үлкен  өмірге  қадам  басқан  жас  ұланның алдында  мыңдаған  мамандықтан  өзіне  лайықты  біреуін  таңдау  міндеті  тұрады.  

Кейбір  жастар мамандық  таңдау ережесін  білмегендіктен  өзі  қызықпайтын  мамандықты  таңдайды. Осыдан  өз  мамандығына  қанағаттанбаушылық,  реніш  сезімдері  пайда  болып, 

тіпті  алдарына жоспарда құрғысы  келмейді.   Сондықтан, адам  өзінің жеке  қасиетін, өзін-өзі  тануын және жетістікке  жетудің

бір  жолы  өзіңе  сұрақ  қойып  оған  жауап  іздеу  болып  табылады.

Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, әртүрлі мамандықтардың ерекшелік сипаттарына қабілеттері бірдей бола бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты.

Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық.  Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады. Осымен байланысты сынып сағаттарында мамандық таңдау туралы жие әңгімелер өткіземіз. Мысалы, желтоқсан айында «Мамандықтың бәрі жақсы» деген сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында оқушыларға қазіргі таңда жетіспейтін  мамандықтар туралы айтылады, оқушылар өз ойларын білдіреді. Ақпан айында Жоғары агротехникалық колледжінің мұғалімдері өз колледж туралы әртүрлі анықтамалар жіберді. Бірақ, оқушылар Шағалалы колледжінде оқығылары келмейді, барлығы қалаға барғысы келеді.

Қазіргі уақытта мамандық таңдау өте күрделі, оқушылар көп ойланады. Бірақ, қызықты мамандықтар да көп.  IV тоқсанда, бір сынып сағатында «Ярмарка вакансий» деген ұйымдастыруды жоспарлап отырмын.  Осы  «Ярмарка вакансий» сынып сағатында, қазіргі таңда жетіспейтін және жаңа ашылып отырған мамандықтар туралы айтып өту керек. Биыл 9 сыныпты 10 оқушы бітіріп кетеді. Оның ішінде 6 қыз және 4 ер бала. Оқушылар әлі ойланып жатыр, әзірше, 2 оқушы, Аружан мен Тахмина 10-11 сыныпқа барамыз дейді. Ақжол  - медколледж, Аягөз – педколледж, Үміт – дизайнерға барамын дейді. Алибек – ЧС немесе дене шынықтыру мұғалімі, Жасмин – аудармашы, Нұртілеу – өрт сөндіруші, Расул – дене шынықтыру  мұғалімі. Зарина – тіл мұғалімі, немесе дизайнер.

 

 

 

Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандығын  анықтауға көмек көрсету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқыған: Капышева А.М.

 

 

 

 

 

2020 – 2021 оқу жылы

Жаңартылған күні: 06.04.2021 17:15
Құрылған күні: 06.04.2021 17:15

Текст