"Абай" клубы

"Абай" клубы

          Айдарлы негізгі мектебінде 2020 жылдың қараша айынан бастап Абай клубы жұмыс жасауда .Клуб мүшелері 1-9 сынып оқушылары.Абай клубының мақсаты :Абай мұрасын оқыту арқылы шығармашылықпен айналысатын  рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру , оқушыларға поэзия әлемін түсіндіре отырып , адамгершілікке үйрету.Абайдың өлеңдерін келесі ұрпаққа насихаттау және нақышына келтіріп айта білуге тәрбиелеу.

Клубтың атқаратын міндеттері: Қазақ   әдебиетіндегі   сөз өнеріндегі Абайдың орны мен болмысын тану. Ақын шығармаларының адамгершілік идеяларын таныту.

 Осы мақсаттар негізінде жоспарға сай жұмыс атқарудамыз . Ақпан айында  Абайдың  қара сөздері талданып  оқушыларға түсіндірілді.Қазақ тілі кабинетінде оқушылар дөңгелек стол ұйымдастырып  қара сөздерді оқып , өз ойларымен бөлісті. Түсінбеген жерлерін пән мұғалімі түсіндіріп отырды . Ақпан айында клуб жетекшісі Ж.В.Құрманғожина , сынып жетекшілері  және кітапханашы С.А Бекжанованың басшылығымен  Абай Құнанбаев поэзиясына  яғни «Көңілім әнді ұғады» тақырыбында ән сайысы өтті сайысқа 5-6-7 сынып оқушыдары белсенді қатысты .  Ән кешінің  соңында  оқушылар ақын өлеңдерін өлеңдерін жатқа оқыды. Ән көңілдің ажары -деп Абай атамыздың өзі айтқандай  оқушылар «Көзімнің қарасы , Айттым сәлем Қаламқас , «Сегіз аяқ» әндерінің тарихымен танысты ,  ой бөлісті . Оқушыларымыз рухани ойларын , ой өрістерін кеңейтіп  көңіл күйлері жақсы болып қалды.