"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сынып сағаты

Құқықтық сауаттылық
 

Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып,  жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. 
2. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту. 
3. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа,  құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру  кезеңі.
2. Сынып сағатын өткізу.
Құрметті оқушылар! Бүгін «Құқықтық сауаттылық» тақырыбына ашық тәрбие сағаты. Мемлекетіміздің ата заңының 1-бабында Қ.Р -ның өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның басты қазынасы адам және адамның өмірі. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған. Осы декларация қабылданғалы жыл сайын 10-желтоқсанда «Адам құқықтарының» күні аталып өтіледі. 

                                             Құқық                           Мораль

Құқық  дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент —   нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар —  нормативтік шешімдер қабылдайды.

Тарихқа көшсек, бұрын Қазақ хандығы кезінде де құқықтар болды. Тәуке ханның XVII ғасырдың аяғында қабылданған «Жеті жарғы» атты заңы.  Бұл заңға енген ережелер мынандай болды:

1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).

2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық
қылмыстарына жаза).

3. Әскери заң (қосын кұру, аламан міндеті, қара қазан, ердің дауы, тұлпар ат).

4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайлық, әдептілік).

5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті).

Қазақ отбасында әке-шешенің балаларына деген билігі шексіз екеңдігі «Жеті Жарғыда» анық көрінеді. Ата-анасын сыйламаған бала жазаланып отырған. Қазақтар қыз алысу, «ұлдарын үйлендіру арқылы жақын туыстасуды көздеген. Көбінесе отбасының тек байлығына қызықпай, олардың тәрбиелі, тәлімгерлігіне қарай құдаласып отырған. Оны мына мақалдар дәлелдей түседі: «Шешесіне қарап қызын ал», «Бүлінген елден бүлдіргі алма». Баланы тәрбиелеуде олардың нағашы жұртының жиендерге деген ықыласы, пейілі, қызметі ерекше болған. «Жігіттің батырлығын білгің келсе, оның нағашысын ізде». «Жиеннің айласынан ешкім аспас». Осылайша баланы тәрбиелеуде туыстарды сыйлау арқылы, әрқашан бірлікте тұруға үйрете білген.

«Жеті Жарғының баптарында «қылмыс» деген ұғым ешқандай мазмұнда түсіндіріліп, көрсетілмейді.  «Жеті Жарғы» бойынша бірінші орында кек алу: «қанға - қан, жанға -жан» принципі сақталды. Кейбір жағдайларда кісі өлтіргендігі үшін кесілетін

өлім жазасын билер кеңесінің шешімімен құн төлеуге ауыстыру құқы берілді. Кісінің денесіне жарақат салуының нәтижесінде ол еңбекке жарамсыз болып қалса, ол да өлім жазасымен теңестіріледі. Ұрлыққа қарсы заң қазақтарда айбана деп аталады. Қой немесе жылқы ұрлаған кезде ұсталса, ол би шешімі бойынша 27 қой немесе жылқы төлеуге міңдетті.

Ер құны - жүз жылқы, не оның баламасы, әйел құны мұның жарымы.

1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.

Адам құқығы

Табиғи       Азаматтық құқық          Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

Сенің құқығың – менің құқығым.  Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді:

 

1-оқушы: 10 бап

Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы

2-оқушы:

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

3 оқушы: 9-бап

Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы.

Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

3-оқушы:11 бап

Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

4-оқушы 12 бап

Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ

5-оқушы 19 бап

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

6-оқушы 30 бап Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

7 – оқушы 19 бап

Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек (оқушылар өз міндеттерін айтады)

 «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

Көшедегі көрініс

Мүмтахина: Айболат бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

Расул: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?

Мүмтахина: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.

Расул: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Мүмтахина: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.

Нұртілеу: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Расул: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.

Нұртілеу: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.

Мүмтахина: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» —  деп өкініп жүр ме.?

Расул: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

  1. Құрметті оқушылар, осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.

Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?

  1.  Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

Сұрақ – жауап:
1. Қ.Р-ның биліктің бірден бір бастауы (халық) 
2. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді (Президент қол қойғаннан кейін) 
3. Егемендік алғаннан кейін Қ.Р-да Конституция қанша рет қабылданды? 
(2-рет 1993 жылы 28-қаңтар , 1995 жылы 30-тамыз) 
4. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата? (Парламент) 
5. Қ.Р өзін қандай мемлекет ретіне орнықтырды. (Демографиялык, зайырлы , құқықтық, әлеуметтік) 
6. Құқық дегеніміз не? ( Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.) 
7. Қ.Р. Конституциясы неше бөліктен және қанша баптан тұрады? (9-бөлім 98-бап) 
8. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
10. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)
11. Қазақстанда қандай білім алу міндетті (Орта білім)

12. Неше жасқа толмаған адам  бала болып есептелінеді? (18)

13.16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні)

14. 1-маусым қандай күн ? ( Балаларды қорғау күні)
 «Ой талқы» 
1. Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не? 
2. Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек? 
 «Ой жалғау» , мақал-мәтелдерді жалғастыру:
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 
2. Өш алғаннан ғөрі ... (кешірген жөн) 
3. Ақырын жүріп .... (анық бас) 
4. Асыл тастан ... (өнер жастан) 
5. Ұрлық түбі ... (қорлық) 
6. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ) 
8. Әдепті бала ... (арлы бала) 
9. Тәрбие ... (отбасынан басталады) 
10. Атаңа не қылсаң, (алдыңа сол келер).

11. У ішкен….( бір өледі,)
Ант ішкен… ( мың өледі.)

12. Дауға барсаң, ….(бірің бар,)
Жауға барсаң, …(бәрің бар)

13. Ұрыс бар жерде…( ырыс жоқ)

 «Ой елегінен өткіз» 
1) Оқушы неге құқылы? 
Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға. 

2) Оқушы неге міндетті? 
Білім алуға,  ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға. 
Білімді тиянақтау: 
Бұл бөлімде екі топ ситуациялық жағдаяттан шығу керек, (1 мин. уақыт беріледі) 
№1.Ситуациялық жағдай 
Азаматша Жасұзаққызы өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Асхат пен Қайрат бірнеше күн қатарынан азамат Есімовтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есімов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Жасұзаққызы есіктің алдына шығып, сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Асхат пен Қайрат - деді. Өйткені, олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген. 
1. Азаматша Жасұзаққызы дұрыс жасады ма? 
2. Мұндай жағдайда Жасұзаққызы не істеуі керек еді? 
3.Жасұзаққызы біреуге жала жапқаны сөзі үшін жауап бере ме? 
Дұрыс жауабы: 
1. Жасұзаққызы дұрыс жасаған жоқ. Әділділікті тек сот шешеді. 
2.Жасұзаққызы ол балаларды көзбен қадағалағанын бөлімше инспектор полициясына айту керек еді, сөз расталған жағдайда ғана сотқа өтуі керек, яғни Қ.Р. кұкық бұзушылық кодекісінің №129 бабы бойынша біреудің сыртынан жала әңгіме айтуға болмайды. 
№2. Жағдайатты шешу
Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет машинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады. 
Сұрақ 
1. Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? 
Жауабы: Жоқ. Қ.Р-ның құқық бұзушылық кодекісінің №32 статиясы бойынша Марат құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ол өз басын арашалау мақсатында істеді. 

Қорытынды жасау:

Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

«Ой талқы» 
1. Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не? 


2. Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек? 


 «Ой жалғау» , мақал-мәтелдерді жалғастыру:
1. Заңның құрығы ...
2. Өш алғаннан ғөрі ...
3. Ақырын жүріп ....
4. Асыл тастан ...
5. Ұрлық түбі ...
6. Жазасын тартпайтын ...


8. Әдепті бала ...
9. Тәрбие ...
10. Атаңа не қылсаң, 

11. У ішкен….
Ант ішкен…

12. Дауға барсаң, ….
Жауға барсаң, …

13. Ұрыс бар жерде…

 

 «Ой елегінен өткіз» 
1) Оқушы неге құқылы? 
Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға. 

2) Оқушы неге міндетті? 
Білім алуға,  ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға. 


№1.Ситуациялық жағдай 
Азаматша Жасұзаққызы өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Асхат пен Қайрат бірнеше күн қатарынан азамат Есімовтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есімов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Жасұзаққызы есіктің алдына шығып, сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Асхат пен Қайрат - деді. Өйткені, олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген. 
1. Азаматша Жасұзаққызы дұрыс жасады ма? 
2. Мұндай жағдайда Жасұзаққызы не істеуі керек еді? 
3.Жасұзаққызы біреуге жала жапқаны сөзі үшін жауап бере ме? 
№2. Жағдайатты шешу
Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет машинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады. 
Сұрақ 
1. Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? 

 


Оқушылардың құқығы
Оқушылардың құқығы бар: - сапалы білім алуға;
- өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне;
-оқу сабақтарының арасында демалу үшін үзіліс алуға;
- бақылау жұмыстары мерзімі мен олардың көлемі туралы уақытылы ақпарат алуға;
- білім алуға мұғалім тарапынан қосымша көмек; өзіндік тілегі бойынша пәнді игеруде қиындық туындаған сәтте, денсаулығына байланысты сабақтарға қатыспаған немесе өздігінен материалды игере алмаған жағдайда;
- білім саласында және мектептегі оқытуда қажетті және қолжетімді ақпараттар алуға; - мектептің кітапханалық қорын ақысыз пайдалануға;
- оқу пәндері бойынша тек қана өз білімі мен дағдыларының сәйкестігін бағалауға;
- оқудағы ғылыми және шығармашылық әрекетіндегі жетістігі үшін марапатталу және сыйақы алуға;
- сыныптың және мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін марапатталуға;
- қоғамдық және азаматтық ықылас көрсетуге;
- өзінің абыройын сыйлауға, әр түрлі дене және психикалық зорлықзомбылық, жеке тұлға ретінде жәбірленудің әр түрлі формаларынан сақтануға;
- өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес кез келген қоғамдық тапсырмаларды өз ықыласымен таңдауға;
- білім бағдарламасында қарастырылмаған еңбекке өз еркімен тартылуға;
- өз пікірін еркін айтуға; - мектепті басқаруға қатысуға –мектепті басқару органдарына сайлауға және сайлануға қатысуға;
- мектептің дамуына мүмкіндік беретін шығармашылық идеялар мен креативті

ұсыныстар енгізуге.

 

 

 

Оқушылардың міндеттері Оқушылардың міндетті:
- мектеп Жарғысы, мектептің ішкі тәртібін және осы оқушы Кодексі талаптарын білу және сақтауға;
- Отанға лайықты қызмет етуге өзін-өзі дайындауға;
- Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Жалауы мен Әнұраны, мектебінің символикасын білуге және сыйлауға;
- сапалы білім алуға, өзінің білім, білік, дағдыларын кеңейтуге, сабақтарға жүйелі түрде дайындалуға;
- мектептің жұмыс режимін қатаң сақтауға, сабақ кестесіне сай сабақтарға қатысуға, қандай да бір себептер болмаса сабақтан кешікпеуге;
- мектеп абыройын сақтауға, дәстүрлері мен имиджін қолдауға; - мұғалім еңбегін бағалауға;
-мектеп қызметкерлері, мұғалімдер мен басқа да оқушылардың абыройы мен ар-намысын сыйлауға;
- өзінің және басқа оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, мектептің техникалық қауіпсіздігін және мектеп пен жеке гигиеналық талаптарды сақтауға; 
- мектеп формасын міндетті түрде киюге;
- өзінің сыртқы келбетін тазалықта және ұқыптылықта ұстауға;
- мектеп ішінде ауыстыратын аяқ киім; дене шынықтыру сабағына спорт киімнің болуы;
- мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға, оның сақталуын қадағалауға;
- мектептен тыс жерлерде өзін лайықты ұстауға, айтар сөздерін бақылауға, ұрсу және қоғамға жат лексиканы қолданбауға;
- мұғалімдердің ескертулерін дұрыс қабылдап және сынға оң әрекет етуге;
- оқушы мектепке сабақ басталмай тұрып алдын ала таза, ұқыпты қалыпта келіп, гардеробта сыртқы киімін шешіп, аяқ киімін ауыстырып, болатын сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындауға міндетті.
-сабаққа үш күн қатыспағанда, сынып жетекшісіне емханадан денсаулығына байланысты анықтама немесе ата-анасының (ата-анасының құқығын орындаушы, қамқоршысы және т.б.) өтініші тапсырылуы қажет; Оқушыларға тыйым салынады:
- себепсіз сабақтан қалуға; - сабаққа, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларға кешігуге;
- сабақта, мектеп қабырғасында, сабақтан тыс дайындықтарда, шараларда, тәртіп бұзуға;
- білім үдерісіне қатысушыларға, оқушыларға тіл тигізуге, абыройы мен ар-намысына тиюге;
- сабақ барысында мұғалімнің рұқсатынсыз ұялы телефон қолдануға;
- мектепке жарылыс пен өрт қаупін тудыратын кез келген заттар мен құралдарды әкелуге: жарғыш, өрт тудыратын заттар, қару, уландырғыш және улызаттарды, пиротехникаларды, газдық баллондар, үшкір, кесетін құралдарды, пышақ т.б. нәрселерді әкелуге;
- шамадан тыс косметика қолдану және мектепте зергерлік бұйымдарды кию;
- қандай бір мақсатпен және қандай да бір тәсілмен қару қолдануға (сонымен қатар жарылғыш, өрт тудыратын заттар, алкогольді сусындар, шылымдар, есірткі заттарын) мектеп территориясына алып кіруге;
- мектепте сағыз шайнауға;
- сабақтарда плеерлер мен мобильді байланыс қолдануға;
- қоғамға жат қимылдар мен тіркестерді қолдануға;
- техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
- мектепке алкогольді және есірткі заттарды әкелуге және қолдануға;
- мектеп мүліктерін бүлдіруге және сындыруға, мектеп қызметкерлері мен басқа да оқушылардың жеке мүліктеріне зиян келтіруге; - қарым-қатынаста болған кикілжіңдерді шешуге, қорқыту мен тартып алу мақсатында қандай да бір әр түрлі формадағы күш және қысым көрсетуге;
- қоршаған адамдарға қандай да бір қауіп тудыратын әрекет жасауға;
- білім беру ұйымдарына кремді кондитерлі заттар әкелуге тыйым салынады

 

Жаңартылған күні: 07.04.2021 11:15
Құрылған күні: 07.04.2021 11:33

Текст