"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сценарий

  1.    Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу;
    2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт-сапар тілеу;
    3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу;
    Көрнекілігі: шарлар, білім кілті, фотомонтаж, слайдтар, видео-ролик, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
    Видеоролик «Шуақты 4 жыл …»

Мұғалім:

Бүгін, міне, жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап білімменен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.

    Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз , енді міне, қанаттары қатайып, білімнің негізі болатын бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Олай болса 4-сыныптың «Қош бол, бастауыш»  атты мерекелік салтанатына қош келдіңіздер!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп отырайық,
4-сынып оқушылары ортамызда!

 дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!   (Оқушылар ортаға шығады)

Мұғалім:
Армандасаң да , қиялдасаң  да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына  өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар!  Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!
Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Сөз кезегін береміз.
Мектеп директорының құттықтау сөзі

1 — оқушы: Ділназ

Мектeп деген –  білім кені жыр кені,
Мектеп деген –  ғылымның ең үлкені.
Мeктеп деген –  тәрбиеші адамға,
Мектeп деген –  даналардың мекені.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

2 — оқушы:  Самира

Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған,
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.

3-оқушы: Асанәлі

Мектебім білім берер алтын ұям,
Бой жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Ән: Мектебім, аяулы мектебім.

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз ғой.  «Мұғалім — мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, 42 әріпті танытқан , оңымыз бен солымызды айырып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.

Олай болса келесі жырымызды қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз –  ұстазымызға арнаймыз!

1-оқушы:  Ділназ

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.

2 — оқушы:  Самира

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Анамның аяулы үні сияқтанған.

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.

3-оқушы: Асанәлі

Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.

Ән: «Ұстаз-Ана!» 

Расында да, 4 жыл деген  4 күндей боп өте шықты ғой. Олай болса, мына бізге білім берген ұстаздарға деген шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар!

1-оқушы:  Ділназ

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауыштa айтылмаған сыр бар ма?
Бастaуышта алған білім, жырларым,
Азық болар , әлі талай жылдарға.

2 — оқушы:  Самира

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,
Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.

3-оқушы: Асанәлі

Бастауышым – бал бұлағым,
Лаулап жанған шам-шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

Бастауышым- бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

3- оқушы:  Балнұр

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,
Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.

 Ән: «Бастауышпен қоштасатын кез келді» 

Бәрі:  Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті, міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

 

Бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия  т.б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану,  орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Осыдан 4 жыл бұрын біз де сендер секілді бүлдіршін едік. Мектеп табалдырығын имене аттап, оқушы атандық. Енді, міне, 4-сыныпты аяқтап, бастауышпен қоштасқалы отырмыз. Мінекей, бастауыштың  білім кілтін сендерге табыстаймыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, тек алда болыңдар!

Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, — демекшімін,  бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер.

Ата-аналардың құттықтау сөзі

Ал түлектерге айтарым:

Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар!

 

Жаңартылған күні: 16.11.2023 11:37
Құрылған күні: 16.11.2023 11:37

Текст