"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндіктің есебі

Айдарлы  негізгі мектебінде 4 – 14 қазан аралығында өткен

Халықаралық қыздар күніне арналған

республикалық онкүндіктің  есебі

2019 – 2020 оқу жылы

 

Айдарлы негізгі мектебінде    4 – 14 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік    өтті. Осыған орай мектеп бойынша жоспар құрылды. Осы жоспарға сәйкес әр түрлі іс шаралар өткізілді. Онкүндіктің мақсаты: Қыз баланың  білім алуға, медициналық көмекке, кемсітушіліктің барлық түрлерінен, зорлық-зомбылықтан, ерте мәжбүрлеп некеге тұрудан, ерте жыныстық қатынастардың алдын-алудан, жынысына, жасына, ұлтына қарамастан мемлекеттің қорғалуында екенін насихаттау. Қазіргі қоғамдағы  қыздар тәрбиесіне көңіл бөле отыра, қазақ халқына тән қасиеттерді қыздар бойына сіңіру.

7 – ші қазан күні  «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында  тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды мейірімділік,нәзіктік,еркелік,қамқорлық,сүйкімділік, жұмсақтық,білімділік,шыдамдылық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, ақылдылық,әдептілік, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

8 – ші қазан күні  Қыз баланың  ерте мәжбүрлеп некеге тұрудан және  ерте жыныстық қатынастардың алдын-алудан медициналық көмек беру мақсатында «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында мектебіміздің медбикесі  6 – 8 сынып қыздарымен дәріс 

 

 

 

 

 

 

 

 

сабағын өткізді.

10 – шы қазан күні «Қызға-нәзіктік» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, өткізілді. Пікірталастың мақсаты:  қыздарға психологиялық дағдарыста көмектесу, сырласу;қыздарға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік,   шеберлік, рухани байлық, ақ ниет,   бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерді қыз бала санасына жеткізу.Қыздарды  еркін сөйлеуге, пікірін ашық білдіруге бейімдеу.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірталас барысында қыздарға мағыналы және мәнді қыздар туралы бейнефильмдер көрсетілді. Онкүндіктің соңғы күні мектебіміздің қыздарының арасында би сайысы өтті.

 

 

 

 

 

  Сайыс өте қызықты және тартымды өтті. Сайысқа қыздар белсене қатысты.Өткізген онкүндік мектебіміздің қыздарына өте ұнады. Өткізген іс - шараларға оқушылар жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатысып отырды.

 

 

Жаңартылған күні: 30.10.2019 17:37
Құрылған күні: 30.10.2019 17:37

Текст