"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарынды балармен жұмыс есебі

Айдарлы негізгі мектебі бойынша

2018-2019 оқу жылында

дарынды балалармен

жылдық  жұмысының есебі

 

 

“... Бізге керегі шын дарындар.

Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын,

мемлекет өзінің талантты ұлдары мен

қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын

тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”

Н.Ә.Назарбаев.

Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.Айдарлы негізгі мектебінде дарынды балалармен жұмыс жоспары құрылып, соған сәйкес жұмыстар жүргізілді.                                                                              Мақсаты: Оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудығы негізгі талаптарды жүзеге асыру. Мектебімізде барлығы 52 оқушы, 13 үздік оқушы, 29 екпінділер қатарында. Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы мұғалімдер дарынды оқушыларды анықтап алып,  жұмыс жоспары құрастырылып, бекітілді. Мектеп бойынша жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Әр мұғалім өз жоспары бойынша жұмыстарын іске асырды. Оларды  шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу жұмысқа, жоба қызметіне тартылды. Қосымша білім және үйірмелер ұйымдастырылды жұмыстар жасалды. Оқушылардың дарындылығын анықтау мақсатында «Жас дарындылар» байқауы өткізілді. Байқау барысында қатысқан оқушылар өз өнерлерін, таланттарын ортаға салды. Шығармашылық жұмыстарын көрсете білді. Байқау соңында марапаттау жүргізілді. Дарынды балалардың шығарған өлең шумақтары, эссе жұмыстары газет бетіне де шықты.                                                      Қазан айында мектепішілік жоспар бойынша мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиада 8 – 9 сынып оқушылары қатысты. Екі турдан жаксы жетістікке жеткен 9 сынып оқушыларына  аудандық олимпиадаға жолдама берілді. Қараша айында Чаглинка ауылындағы Агроколледжде  аудандық пән олимпиадасы ұйымдастырылып, өтті. Біздің мектептен 5 оқушы қатысты. Олар: Есқожина Диана – ағылшын пәнінен, Жасұлан Ақбота – химия пәнінен, Бибаева Шахрезада – қазақ тілінен, Тұрсынбек Ертарғын – қазақстан тарихы, Бибаев Қуаныш – алгебра пәнінен. Осы бес оқушының ішінен 1 оқушы Бибаев Қуаныш екінші турға өтті, бірақ жүлделі орынға ие бола алмады. Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен жаңа әдісті, шығармашылық ізденісті талап етеді. Әр бір мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілдерін оқытудағы мақсатқа тоқталсам қазақ тілін қадірлеп,  сүйіп,  қастерлеу ал шет тілдерін оқушылар күнделікті өмірде қолдана білулеріне үйрету. Шетел тілінде берілген теориялық білімдерді тәжірибелік жұмыстар мен ұштастырып отыру оқушыны шетел тілінде өз ойын еркін жеткізуге дағдыландырады. Осы жұмыстардың арқасында оқушыларымыз әр түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға да ие болды. Рухани бағдарламасы бойынша аудандық үштілдік «Тіл дарыны» сайысына 9-сынып оқушысы  Ескожина Диана  қатысып, 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекші мұғалімдері: Құрманғожина Жұмажан Валихановна және Рахматулина Камила Манарбековна.  «Ақ бота» республикалық интелектуалдық марафонынан жүлделі ІІ орынға 3-сынып оқушысы Қапыш Алдиар,  ІІІ орынға 3-сынып оқушысы Торсанова Жанерке ие болдыСонымен қатар «Айқанат» республикалық олимпиадаға мектебімізден үш оқушы қатысты. Олар  9-сынып оқушылары Бибаева Шахрезада, Жасұлан Ақбота, Ескожина Диана. Екі оқушы Есқожина Диана мен Жасұлан Ақбота облыс көлемінде білімдерін сынап сертификатпен марапатталды. Аймақтық ғылыми жобаға 2-сынып оқушысы Абирова Асель «Аскөктің емдік қасиеттері мен пайдасы» және 3-сынып оқушылары Торсанова Жанерке, Қапыш Алдиар «Ғажайып алма» тақырыбында қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.   Ағылшын тілінен «British Bulldog» марафонынан ІІ орынға 3-сынып оқушысы Қапыш Алдиар, 4-сынып оқушысы Аленова Гульназ ие болды.  «Кенгуру-лингвист» республикалық марафонына мектебімізден 6-сынып оқушысы Кусаинова Айымгүл, 8-сынып оқушысы Көшенов Олжас, 9- сынып оқушысы Ескожина Диана, 2-сынып оқушысы Рахматулин Адай, 4-сынып оқушылары Аленова Гүлназ және Тасымова  Зарина, 3- сынып оқушысы Қапыш Алдиар жүлделі І орындарға ие болды. 7-сынып оқушысы Ескожина Зарина ІІ орынға ие болса, 4-сынып оқушысы Мырзағали Айғаным ІІІ орынға ие болып, сертификат және дипломадармен марапатталды. Жетекшісі ағылшын пәнінің мұғалімі: Рахматулина К.М. Сәуір айында өткен аудандық Абай оқулары сайысының «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты номинациясына  9-сынып оқушысы  Жасұлан Ақбота өз шығармашылығымен қатысып, 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.                                                                                                       Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Келесі оқу жылына жаңа жоспар құрылуда алдағы уақытта үш тілді жақсы меңгерген жан –жақты шығармашыл , дарынды оқушыны әрі қарай белсенділігін арттыру мақсатында жұмысымызды жалғастырамыз.

 

 

 

                                      

Оқу ісінің меңгерушісі:   Торсанова Р.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 31.05.2019 15:37
Құрылған күні: 31.05.2019 15:37

Текст