Ашық тәрбие сағаты: «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»
Мақсаты: оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Сабақты түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: тест, сұрақ-жауап, ой қозғау Барысы: Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңбері. Шарты: Берілген тест сұрақтарына жылдам жауап береміз. Тест 10 сұрақтан тұрады.
1. Қазақстан Республикасының Ту авторы?
А) Н.Назарбаев Ә) Шәкен Ниязбеков Б) Жандарбек Мәлібеков
2. Қазақстанның астанасы?
А) Астана Ә) Нұр-Сұлтан Б) Ақмола
3. ҚР Президентінің жұмыс орны?
А) Бәйтерек Ә) Ханшатыр Б) Ақорда
4. Қазақстанның рәміздері?
А) Елтаңба, Заң Ә) Ту, Елтаңба, Гимн Б) Гимн, Ту, Елбасы
5. Қазақстандағы теңіз
А) Балқаш Ә) Сырдария Б) Каспий
6. Болашақта Қазақстан қандай әліпбиге көшеді?
А) Кириллица Ә) Иероглиф Б) Латын
7. Қазақстан қандай мемлекет?
А) тәуелді Ә) тәуелсіз Б) кішкентай
8. Қазақстанның табиғаты әдемі қала
А) Көкшетау Ә) Семей Б) Қызылорда
9. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
А) Түркіменстан, Ресей, Қытай Ә) Үндістан, Әзірбайжан,Түркия
Б) Қытай, Англия, Монғолия
10. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қашан?
А) 25 қазан Ә) 16 желтоқсан Б) 6 шілде
«ДОДА» Бұл кезеңнің шарты: оқушыларға жапсырылған дыбыстардан орысша айтылған сөздің аудармасын көрсету керек. Бұл ойынды ойнауға 2 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде қанша сөз тапса, сонша ұпай саны беріледі. Мақсаты: жылдам жұмыс жасау арқылы сөзді дұрыс аудару
Т А Р А Қ Б С З Ы Ж
/Қара, ара, тар, қар, тақ, тара, қатар, атақ, бар, бақ, тас, рас, сары, тары, арық, қыз, таз, қаз, жаз, жарты, жатыр/
С А Б А Қ Л Е Т У Ғ
/Бала, ақ, лақ, бақ, ас, лас, тас, ат, тақ, сақ, атақ, қате, бес, ет, бет, бел, сағат, аға, бақа, тау, ту, ауа, елу, су, қуат/
Ү Л К Е Н М Е З Ө С
/Үлкен, өзен, мен, кес, сөмке, не, ел, кеме, өз, кел, сөн, күл, күн, күз, көл, кес/
К Ү Н Д Е Т Е П С О
/Күнде, түн, күн, доп, теп, кет, дүкен, сен, түс, ет, есек, кес, еден, күт, от, он, топ, тон/
”ЖОРҒА» Бұл кезеңде «Қазақстан туралы не білемін?» деген сұраққа жауап беру үшін әр топтағы әр оқушы білетіндерін айтып өтеді. Бұл кезеңде оқушылардың сөздік қоры, ойын еркін жеткізе алуы, сөйлемдерді дұрыс құрай алуы сыналады. Оқушылар дайындалу үшін 1 минут беріледі.
«КӨКПАР» Соңғы кезең – Көкпар. Бұл ойынның шарты: Қазақ тілінде айтылған сөзді әр оқушы кезекпен дұрыс айтып шығу. Мысалы: байлық
Бұл ойында оқушылардың Орфографиясы, яғни жазу сауаттылығы сыналады.
Көрермендермен ойын ойнайық. Сұрақтар қойылады. Берілген сұраққа жауап берген оқушы сыйлық алады.