10 қазан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

 

Айдарлы ауылының негізгі орта мектебінде 10 қазан - Дүниежүзілік психикалық  денсаулық күніне орай “Психикалық денсаулық - жан саулығының негізі” тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың психикалық  денсаулық туралы түсініктерін кеңейту, эмоционалдық саулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, күйзелістің алдын алу және мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушыларға психикалық  денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз эмоциясын бақару қиындықтарды жеңе білу, бір -біріне қолдау көрсету және жағымды қарым-қатынас орнату жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, оқушылардың көңіл күйін жақсартуға, өз сезімдерін түсінуге және эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды. Өткізген мектеп психологі Тулебаева Б.Б.