"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақалалар

Бүкіләлемдік Азаматтық Қорғаныс күніне

арналған «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігі»

атты айлық іс – шаралар.

.

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас ассамблеясының бұрыштамасына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні болып аталып өтіледі. Бұл күннің тарихы 1931 жылы Женева аймағы қауымдастығы деп аталатын, яғни әлемнің барлық елдерінде жергілікті аймақ қауіпсіздігін құру туралы халықаралық келісімдерге қол қоюмен басталды. Биылғы жылы 1 наурызда «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен өтті. Осыған орай  «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күніне арналған айлық мектебімізде іске асырылуда. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен  «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері» және «Су тасқыны» тақырыбында сынып сағаттары  өткізілді.

Сынып сағаттарының мақсаты:

Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Су тасқыны  туралы түсінік беру, одан қорғану, көмек беру жолдарын меңгерту.

 

Сынып  сағатында   орындаған  шығармашылық жұмыстар  оқушының қызығушылығын арттырып, ой-өрісін, есте сақтау  қабілетін дамытты.Жер бетіндегі және жер астындағы суды тиімді пайдалануға, суды ластамай, қорғауға баулу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тәртіплікікке, ұқыптылыққа, сабырлыққа, батылдыққа тәрбиеледі. 9 сынып жетекшісі Айдосова А.Қ. «Табиғат апаттары және оның түрлері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.Оқушыларды табиғи   апаттан сақтануға баулу. Балалардың ойлау қабілетін ,сөйлеу шеберлігі,төтенше жағдайлар жайлы    білетіндерін дамыту. әр оқушының өмір қауіпсіздігіне дайындық қабілеттерін  шыңдау.

Жаңартылған күні: 15.03.2019 18:08
Құрылған күні: 03.03.2021 16:04

Текст