"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адалдық сағаты" есебі

Айдарлы негізгі мектебі бойынша

«Адалдық сағаты» тақырыбында өткен

сабақ туралы  есеп.

2019 – 2020 оқу жылы.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

 «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен  білім күнінің алғашқы сабағы Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау болды.Бүгін  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» өтті.

Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін бойларына сіңіруді қалыптастыру. Осыған орай Айдарлы негізгі мектебі бойынша 2 қыркүйек бірінші сабақ  «Адалдық сағаты» өтті.

Мақсаты: «Адалдық», «Әділдік», «Шыншылдық» жайлы оқушылардың түсініктерін кеңейту.Оқушыларға өмірде ата - анаға , досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдылығы көрінетін ілуге тәрбиелеу.

 

 

 

Сабақ  Н.Назарбаев  2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында  сыбайлас жемқорлықпен  күресуді жалғастыру туралы  және  Қ. Тоқаев  Сайлауалды бағдарламасында  «Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз деп  айтылған сөздерімен басталды.

 

 

 

Сабақ барысынды балаларға  4 негізгі құндылықтар туралы мәлімет берілді. Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттарымен таныстырды. Сабақта оқушыларға слайд көрсетіліп, түрлі тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, балалардың ойлары ортаға салынды. Жалпы мектеп оқушыларының  сыбайлас жемқорлық туралы түсініктері бар. Сондықтан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын толық жеткізе білді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 30.10.2019 17:43
Құрылған күні: 30.10.2019 17:43

Текст