Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?»
Мақсаты:1 Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.Жақсы, жаман туралы түсінік беру. Жақсы , жаманды салыстыра білу іскеріктерін дамыту. Өлеңді тыңдай білуге, мазмұнын айтуға дағдыландыру. Сөздік қорларын молайтып , сөйлеу қабілетін дамыту. Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивтітақта, үнтаспа, үлестірмелі материалдар / жақсы, жаман іс әрекет бейнелері т.б
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Жұмбақты мұқият тыңдандар.
Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір ласың,
Тап- таза боласың. Бұл не?
Шомылған баланы ,
Аймалап алады.
Сипайды қолыңды,
Сипайды денеңді. Бұл не?
Балалар оқыған жұмбақты тыңдап ,жауап береді.
Сабын.
-Сүлгі
Дұрыс айтасыңдар. Бұл жұмбақтардың шешуі сабын мен сүлгі тазалық құралы.
Таза жүрген жақсы іс- әрекет пе әлде жаман іс -әрекет пе?
-Таза жүрген жақсы іс- әрекет
Ұйымдастыру кезеңі
Орыс халқының ақыны В.В.Маяковский сендер тәрізді бүлдіршіндерге арнап тәрбиелі өнегелі бірнеше өлеңдер жазған.
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Бөбек келіп әкеге,
Қойды алдына мәселе.
-Жақсы деген немене?
-Жаман деген немене?
-Аналайын бөбегім,
Мәнін айтып берейін.
Осы берген жауапты ,
Кітапша етіп берейін.
Міне, тағы бір жаман,
Көйлегі лас боялып,
Аузы басы ластанып.
Жақсы , міне азамат, -
Бетін жуса сабындап,
Тісін жуса сабындап.
Міне, үлгілі бала деп
Кітапқа оны жазады.
Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?
-Әкесі жаман бала деп қандай баланы айтты?
Қандай жақсы, жаман іс-әрекеттерді білесіңдер?
Жақсылық немесе жамандық жайында тақпақтар білесіңдер ме?
Ойын. «Жақсы мен жаман»
Шарты: Айтылған сөз жақсы іс-әрекет болса қол шапалақтайды, жаман болса аяқтарын тарсылдатады.
Досыма көмектеспеймін.
Әкемнің айтқаның тыңдаймын.
Үлкенді тыңдамаймын.
Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын.
Ағаштың бұтағын сындырамын.
Ойыншығымды ешкімге бермеймін.
Үлкен кісілерге жол беремін.
Анама ренжіп сөздер айтамын.
Кішкентай балаға тиіспеймін, ойнатамын.
Бас киімді доп қыламын.
Достарыммен төбелесемін.
Тамақ ішер алдында қолымды сабындап жуамын.
«Жақсы мен жаман» әңгімесі Диқан Әбілов.
Асанәлі:
Сәлеметсіз бе апай деп, Сәлеметсіз бе ағай деп.
Ұл- қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Самира:
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңмен сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
Ділназ:
Мектепке барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен,
Қайырлы таң деймін мен.
Психологиялық ойын.
«Жақсы қасиеттерді дамыту, жаман қасиеттерден арылу»
Интерактивті тақтаны пайдаланып, суреттер бойынша жұмыс жасау.
-Жарайсындар,балалар!Тамаша бүгінгі ашық тәрбие сағатына белсене қатыстыңдар.