5-сынып оқушыларының бейімделуі
Айдарлы негізгі орта мектебінде 5сынып оқушыларының жаңа оқу ортасына, мұғалімдер құрамына және оқу талаптарына бейімделуін қолдау мақсатында арт-терапиялық жұмыс жүргізілді. Арт-терапиялық жұмыс барысында оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, өз ойын шығармашылық арқылы еркін жеткізу, қарым-қатынас дағдыларын дамыту және сынып ұжымына бейімделуіне жағдай жасау көзделді.
Жұмыс барысында сурет салу түстермен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, топтық жаттығулар қолданылды. Нәтижесінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыруға және ортаға бейімделуіне ықпал ету көзделді. Өткізген мектеп психологі Тулебаева Б.Б.
