Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу
Мектеп: Айдарлы негізгі мектебі
Күні: 16.03.2018
Мұғалімнің аты-жөні : Воронова Куляим Бексұлтановна
Сынып: 2
Қатысқандар саны:4
Қатыспағандар саны:0
Бөлім
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
№76 сабақтың тақырыбы
Билерше билік айтуға үйренемін
Сабақтың оқыту мақсаттары
2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды табу және шешендік сөздерді мақамдап айту
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді, бағалауға қатысады
Оқушылардың көпшілігі: билердің сөз қолданысына назар аударады
Кейбір оқушылар: сахнада билерше толғанып сөйлейді
Жоспар
Уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Қызығушылықты ояту:
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Үй жұмысын сұрау . Ой сергек
Дауысты қойып, дыбыстарды әндетіп айту жаттығуларын орындау.
Стикерлер
Сабақтың ортасы
30-35 минут
Ой қозғау
Сурет жайлы не айта аласыңдар?
Тақырыпты болжау
Би – көпті көрген, яғни, «көре-көре көсем болған», көнені ғана біліп қоймай, болашаққа да болжам жасай алатын адам.
Би айтар сөзін бірде астарлап, бірде мысқылдап, еттен өткізіп, сүйекке жеткізген. Қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсетін от ауызды , орақ тілді шешен болған. Билердің әділ сөздері еттен өтіп, сүйекке жеткенде , оған ата жаудың өзі де қылыш көтермеген. Билер ел мен ел арасындағы қоғамдық мәні зор саяси мәселелерді шешуде хан-сұлтандарың негізгі тірегі , кеңесшісі болған.
Мақсат , күтілетін нәтиже.
Сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін нәтижені оқушылармен бірлесе анықтау.
Оқылым
Түсініп оқы №1 тапсырма
Рөлге бөліп, мәнерлеп оқыңдар. №2 тапсырма
Топтық жұмыс.
Тапсырма: Берілген мәтінді сахналық қойылым ретінде көрсету.
Бағалау: Қол соғу арқылы
Ой толғау
Мәтіннен көркемдігіш құралдарды тауып, түсіндіріңдер.
Бағалау: Қол соғу арқылы
Қосымша мәлімет:
Сұрақ – жауап кезеңі.
Қазақ елінің атақты билерін атайық?
Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде – Әйтеке би, сондай-ақ, Саққұлақ би, Бапан би, Сырым би, Байдалы би, Мөңке би.
Билерге тән басты қасиеттерді ата.
Әділдік , шыншылдық,батылдық, ақындық, шешендік, әдептілік, көріпкелдік, болжай білу.
Билердің батырлығы неде?
Олардың қолдарына қару алып жау шабуда емес, дұшпан алдында именбей, өткір тілмен кесіп түсетін әділетті сөз айтуында.
Билер кімдерге кеңесші болған?
Билер хан-сұлтандарға кеңесші болған.
Постер
Интербелсенді тақта
Түрлі түсті қағаздар
Сабақтың соңы
5 минут
Үйге . берілген мәліметтерді оқып, есте сақтау.
І. Ұлы жүз Әзіз Төле би – ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырлардағы ұлы тұлғалардың бірі. Ол Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» аты заң жобасын жазып, бүкіл алаш халқына әйгілі болған. Абылай ханнан бастап Бөгенбай батырға дейін ақыл , кеңес беріп келген атақты Бұқар жырау да Төле биді халыққа үлгі, өнеге етіп жырлады.
ІІ. Орта жүз – Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы туып, 1764 жылы қайтыс болған. Ол да Тәуке ханның «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заң жобасын жасаушылардың бірі. Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген, атап айтсақ, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі , 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп кеңес алып қайтқан.
ІІІ. Кіші жүз айыр тілді Әйтеке би – артында аталы сөзі қалған , есімі ел жадында сақталған қазақтың келелі, шешен билерінің бірі. Жоңғар – қалмақ шапқыншылығына қарсы халық майданын құруға ат салысып, үлес қосқан қоғам қайтһраткері. Әйтекенің есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім.
Кері байланыс
Рефлексия . Ауызша
Қосымша мағлұматтар
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсрыма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережеері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
А,А+ мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырып, ақын сөздерін пайдаланып, көркем сөйлейді.
Жетістік критерийлері арқылы
Құндылықтарды дарыту: ынтымақтастық , құрмет.
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі , сурет, өнер.
АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.
Тәрбиелік мәні: жақсылыққа жақын, жамандықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Ойлану
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстамдым бая? Мен жоспарыма қандай өзгерістер нгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап берңіз.