"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай оқулары

24.03.2019

Абай оқулары

«Ұлыдан ұлағат сөз»

 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Даналықты көздесең

Жат, тоқып ал көңілге, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров бабамыз жырлағандай, Абай – мен үшін өлеңнің атасы. Абай Құнанбайұлы қазақ халқының басындағы мәңгі өшпес жарық жұлдызы. Айдарлы негізгі мектебінде наурыз айында 5-9 сынып оқушылар арасында «Абай оқулары» байқауы өтті. Байқауды өткізген шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Кұрманғожина Жұмажан Валихановна қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл – Абай атамыз туралы біраз мәлімет айтты. Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп айтып қана қоймай, қара сөздеріне, басқа өлең туындыларына талдау жасады. Ақын ел арасында болатын көптеген жағымсыз әрекеттер: іштарлық, көрсеқызарлық, сондай ақ көреалмаушылық, еріншектік, жалқаулық сияқты теріс қылықтардан аулақ болуға үндеп, ұрпаққа үлгі көрсетпек түгілі қара басын әрең алып жүрген мына халықтың берекесіз тірлігін күні бұрын көріп тұрғандай ашық та айқын суреттеп, тереңнен баяндаған. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Сонымен қатар ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да кең ауқымды мұра қалдырды. Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі — олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығынан да, халық санасынан өшпес орын алды. Абай әндерінің өзгешелігі — мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Осындай мәңгі жасыл нәрлі мұраның асылын қанып ішіп, өміріне қажетті дүниелерді бойына жия білген әрбір жас ұрпақ –  шуақты болашақтың иесі боларына кәміл сенемін.

 

 

ОІМ: Торсанова Р.Қ

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст