Тақырыбы: Отбасы – аялы алақан мекені
Мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге баулу;
Міндеттері:
Түрі: поэзиялық сағат
Формасы: шығармашылық еңбек
Әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыc
Көрнекі құрал-жабдықтар:А3 бет, отбасы бәйтерегі, отбасы мүшелерінің суреттері.
Тәрбие сағатының кезеңдері:
а) Кіріспе сөз
ә) Поэзиялық сағат
б) Шығармашылық жұмыс
в) Топтық жұмыс
г) Ойын
д) “Тығырықтан шығу” тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.
а) Рефлексия Тәрбие сағатының барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушылармен танысу.-Сәлеметсіздер ме, оқушылар! -Балалар, тәрбие сағатымызды бастамас бұрын өз есімдерімізге байланысты әдемі теңеулер айтайық. Мысалы, менің есімім Рашида – мен ризашылмын, тағы сол сияқты.
2.Негізгі бөлім.Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, жауабын тауып көріңіздерші.
Онда әкем, анам тұрады,
Ата, әже, бауырым
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады. (Отбасы)
-Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)
-Ендеше біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы жайлы болмақ. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
3. Поэзиялық сағат:
М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышына қуанып, қайғыңа - күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келсеңдер адам болып.
Еш арманым болмас еді өлгенімше...
Айғаным: Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.
4. Шығармашылық жұмыс.
а) «Құндылық құнын ұғыңдар» (карточкамен жұмыс) Отбасымда ең сыйлы ______________________________________ Ең қымбатты _____________________________________________ Ең ақылды _______________________________________________ Ең сүйкімді ______________________________________________ Ең құрметті ______________________________________________Ең құнды ________________________________________________Ең бағалы ________________________________________________Ең қажетті _______________________________________________
5. Топтық жұмыс: Балалар 3 қатарға бөлініп отбасы туралы сурет саламыз. 1 қатар: бақытты отбасы, 2 қатар: мейірімді отбасы, 3 қатар: тату-тәтті отбасы қалай болуы керек, сол туралы сурет салып, салған суреттерімізді тақтаға шығып қорғаймыз.
6. Ойын: - Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: (отбасының суреті)- Кәнеки балалар ендігі кезекті ойынға берейік. а) Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу.
1) «Отан- ...басталады» - отбасынан.
2) «Әке – асқар ...Ана – мөлдір ...Бала – екеуіне шырақ» - тау, бұлақ. «Атаның көңілі ... Баланың көңілі далада.» - балада.
2)«Балалы үй ...Баласыз үй қу мазар» - базар.5)«Бала, баланың ісі ...» - шала.Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Ардақты ана өлеңі оқылады.
7. «Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.
1.Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім сені қатты сөкті. Сен не істейсің?
3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға дегенкөз қарасың қандай. Сыныптасың ретінде не айтар едің?
4. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?
5. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көз қарасың қандай. Сыныптас досың ретінде не айтар едің?
6.Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?
Гүлназ: Балалар мына слайдта берілген суреттердегі іс-әрекеттерді қалай түсінесіңдер? (Баласы анасынын тілің алмай өз бөлмесінде жатыр; Атасы мен немересінің әңгімелесуі; Ата-әженің немересіне деген сүйіспеншілігі) Айдын: Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді? Күтілетін нәтиже: Білу керек: Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек. Түсінуге тиіс: Ата, әже, әке, ана, ұл, қыз – бәрін отбасы дейміз. Істей білуі керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.
8. Қорытындылау. Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады. Ұл-қыз, ата- анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болу керек.-Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық?-Отбасы мүшелерімен.Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?-Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас жатады.Біз қандай отбасымыз?-Біз бақытты отбасымыз.Біз қай елде тұрамыз?-Тәуелсіз Қазақстан елінде. Өте жақсы, балалар отбасы туралы білеміз, Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату-тәтті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір-біріңмен тату болыңдар.
«Менің бақытты отбасым» слайд көрсетіледі . 9. Рефлексия: Балалар әрқайсымыз берілген стикерлерге бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерімізді, ұсыныстарымызды жазып тақтада ілініп тұрған отбасын бәйтерегіне стикерлерімізді жабыстырамыз.-Осымен біздің «Отбасы-аялы алақан мекені» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Отбасымызда әрқашан береке-бірлік, тыныштық болсын.