"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дархан елім – Қазақстан» БРЕЙН – РИНГ САЙЫСЫ

06.02.2019

«Дархан елім – Қазақстан» БРЕЙН – РИНГ САЙЫСЫ


Сайыстың мақсаты: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу. 
Сайыстың ұраны:

«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет»  Ш.Уәлиханов. 
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география 
Өтетін орны: Мультимедия кабинеті. 
Сайыстың жүру барысы
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7 сыныптың арасында өткізілетін«Брейн ринг» сайысына қош келдіңіздер! 
Жарысқа қатысушы командалармен  таныстыру. 
1 команда: «Бірлік»

Ұраны: Бәріміз біріміз үшін,

Біріміз бәріміз үшін!!! Команда капитаны: Сейіл Ақжол.

2 команда: «Шаңырақ»

Ұраны: Шаңырақ тобы биікке самға

Ешқашан қалма, әрқашан алға!!! Команда капитаны Сейфилмаликова Аягөз.
Сайыс жоспары: 
I. «Кім жылдам ойыны», яғни капитандар сайысы 
II. «Жалпы сұрақтар»

ІІІ. «Логикалық сұрақтар»
IV. «Егер де мен болсам ....» 

Сайысымыздың Бірінші туры «Кім жылдам» ойынын бастаймыз.   Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Бұл турда сұрақтарға команда капитандары ғана жауап береді.  Әр сұраққа 5 секунд ішінде жауап беру керек. 
I тур «Кім жылдам» 
I команда. 
1. Түркілердің жаңа жылы (наурыз) 
2. Тәукеханның зандар жинағы (Жеті Жарғы) 
3. Қожа Ахмет Йассауи күмбезінде жерленген батыр (Бөгенбай) 
4. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнаркөзі (халық) 
5. Қазақ хандығының алғашқы ханы (Керей) 
6. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.) 
7. Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор) 
8. Бала туғанда қазақтар қандай той істейді (шілдехана) 
9. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан) 
10. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім? (О. Сүлейменов) 
II команда. 
1. Қазақтың тұңғыш академигі (Қ.Сәтбаев) 
2.  Алғашқы қазақ хрестоматиясының авторы (Ы. Алтынсарин) 
3. Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб) 
4. Қаз дауысты... (Қазыбек би) 
5. Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл) 
6. Қойдың басын кімге тартады (сыйлы қонаққа) 
7. Сүйінбайдың әкесі кім (Арон) 
8. Малдың жаппай қырылуы (жұт) 
9. Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров) 
10.«Қан мен тер» романының авторы (Ә.Нұрпейісов) 
 

II. «Жалпы сұрақтар». Әр дұрыс жауап 1 ұпай.   Әр сұраққа 1 минут беріледі, қандай команда бірінші жауап табады, сол жауап береді.
1. Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды (Бурабай курорты)

2. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім? (М. Өтемісұлы)
3. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім? (Бөгенбай батыр)
4. Ол түрік отбасында дүниеге келген. Көп тілді меңгерген, Шығыс елдерін көп аралаған, 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген. 100-ден аса ғылыми кітап жазған кім? (Әл – Фараби)

5. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық (Р. Қошқарбаев)
6. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен қазақтың атақты жырауы кім? (Бұқар жырау)
7. Қазақ хандығының аумағын кеңейткен, үш жүздің басын біріктірген, ұлы мемлекет қайраткері кім? (Абылай хан)
8. Қазақтардың нанымы бойынша отбасы мен балалардың қорғаушысы кім? (Ұмай ана)

9. Халық қаһарманы, жазушы, «Артымызда Москва» кітабының авторы кім? (Б. Момышұлы)

10.  Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне қолайлы болған Қазақстанның қай аймағы? (Оңтүстік Қазақстан)

11. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (И. Есенберлин)

12. Ахмет Иассауи кесенесін қай әмір салдырған? (Ақсақ Темір)

 

ІІІ. «Логикалық сұрақтар».   Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

  1. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? (3 кг)
  2. Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не? (Өмір)
  3. Қай айда 28 күн бар? (Барлық айда)
  4. Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не? (Адам)
  5. Лимонның жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
  6. Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты ашуланады? (Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп
    қойған кезде)
  7. Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті? (Қырықаяқ)
  8. Итпен биттің айырмашылығы неде? (Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит болмайды.)
  9. Құлақ не үшін керек? (Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
  10. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? (Жол полициясы)
  11. Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? (Ұзынағашта)
  12. Үйдің ең суық жері? (Сырты) 

 

IV. «Егер де мен болсам ....» 

Егер де мен болсам білім министрі.

Бұл турда әрбір командадан бір оқушы шығып, берілген тақырып төңірегінде әділқазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі. Ең жоғары ұпай 10. 

 

Көрермендерге арналған сұрақтар:


1. «Ленинградтық өрендерім» өлеңінің авторы кім? (Ж. Жабаев)
2. Қандай кәсіптің мамандары Гиппократ антын қабылдайды? (дәрігерлер) 
3. Шығыс елдерінде кеңінен тараған сауда орталықтары қалай аталады?(Базар) 
4. Қаскелең қаласында орналасқан печенье мен конфеттер шығаратын кәсіпорын («Хамле»). 
5. Компьютерде ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі (бит) 

6. Қазақтың «Бұлбұл әншісі» деп кімді айтады? (Бибігүл Төлегенқызы)  

7. Революцияға дейін біздің республиканың астанасы қалай аталды?  (Ақмола)

8. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады?  (қараша,1993ж.)

9. Қазақтың педагог –ағартушы, алғашқы рет Қазақстанда қыздарға арнап  училище ашқан кім?

(Ы. Алтынсарин)

10. Әбілхан Қастеев кім? (суретші)

             Логикалық сұрақтар:

1.         Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр?

(Электровоздың түтіні болмайды)

2. Машинаның қай дөңгелегі айналмайды? (Запастағы дөңгелек)

3. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? (Алма ағашында)

4. Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада? (Талдықорғанда)

5. Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім? (Басы ең үлкен адам)

6. Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)

7. Теңіздің ортасында не бар? (“ң” әріпі)

8. Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? (Үсті су болып шығады)

9. Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр екен, себебі не? (Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр екен)

10. Адам нені бұзғанда қуанады? (Рекорд)

11. Балықтар неліктен сөйлемейді? (Су жұтып қоймау үшін)

12. Ненің көлеңкесі жоқ? (Көлеңкенің)

13. Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)

14. Алфавиттің ең соңғы әрібі? (т)

15. Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа ұқсайды? (Жаңбыр астында өскендіктен)

16. Жеген сайын жылататын нәрсе? (Таяқ)

17. Теңіздің суы неліктен тұзды? (Балықтар иістеніп кетпеуі үшін)

18. Алма жегенде ішінен құрт көруден де жаман не болуы мүмкін? (Құрттың жартысын көру)

19. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не? (“а” әрібі)

20. Теңізде қандай тас болмайды? (Құрғақ)

 

 

(Оқушылардың шешендік өнері тыңдалғаннан кейін, әділқазылар қорытынды сөзді айтады)


Сонымен ойынымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айдарлы негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дархан елім – Қазақстан»

БРЕЙН – РИНГ САЙЫСЫ

 

Ашық сынып сағаты

 

Өткізген: Капышева А.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Просмотров: 1289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст