Сабақтың мақсаты
Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.
Оқушыларды ЖИТС (жүре п.б. иммундық тапшылық синдромы) немесе ЖЖБА-дан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік,дағды /ББД/ қалыптастыру.
Сабақтың негізі:
Елбасының «Қазақстан – 2030» Жолдауы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы тәрбиені ұрпақ боййына сіңіру ұстаздар алдында тұрған үлкен мәселе.
Бұл сабақта қазіргі таңда елімізде де таралып бара жатқан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматын ойландыратын СПИД дерті жайлы сөз болмақ.
Қолданылатын әдістер: Конференция түрінде өткен сабақта пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу,топтастыру әдістері қолданылды.
Көрнекіліктері («Сенің қалауың» кітапшасы, СПИД дертінің жұғу жолдары бейнеленген плакаттар), баяндама,оқушылардың өзіндік жұмыстары,салған суреттері «нақыл сөздер көрнекілікке алынды.
І ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім. Бүгін біз «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» деген тәрбие сағатымызды бастағалы отырмыз. Бастамас бұрын, мына сөздерге көңіл аударайық:
Темекі
Алкоголь
Есірткі
-Балалар, сендердің жастарың нешеде?
-13-14-те, яғни сендір қазір жасөспірімсіңдер. Жасөспірімдік кезең – сендердің адам болып қалыптасуына септігін тигізетін негізгі даму кезеңі.
-Ал, балалар, сендер өздеріңнің есейіп жатқандарыңды байқайсыңдар ма?
-Сендердің айналаға қарап киінуге, жақсы жүруге талпынатын кезеңдерің.
-Ал, сендер үлкендерге ұқсағыларың келе ме?
-Әрине, ата-ана, ұстаздың көзінше бала бұларды мойындағысы келмейді. Ал кейбір жасөспірімдердің негізгі ойлары: темекі шегу – ересек болып көріну. Темекі шексе, өзін-өзі үлкен сезініп, өзіне-өзінің сенімі артып, үйге кіруге әлі ертесініп, «мамасының баласы ғой» дейтін балаларды ажырата алады.
— Ия, алғашында осылай бола тұрса да, жасөспірімдер елігіп, шылым шегуді жалғастырады. Бірнеше рет шеккен адамға алғашқыдай жағымсыз әсер туғызбайды, керісінше, никотинге тәуелділік қалыптасады. Әрі қарай темекіге деген құштарлық туады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», — деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан. Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «1Желтоқсан- Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты жиынды ашық деп жариялаймыз.
Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды. Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.
Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген?
Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді? Бұл Адам үнемі білуге құмарланып тұрады.. Бірінші рет тартқанда қандай күйде болды? Темекі шегу әдетке айна лады ма?. Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін. .
Барлық жасөспірімдерге алкоголь, темекі және есірткі ұсынса, әрқайсысы олардың бетін қайтара бермейді. Олай болса, тағы да ойлануға арналған бұрышқа көңіл бөлейік. Сол сияқты, алкоголь – қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр циррозы, белсіздікке ұшырайды, ауруларды жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйде болады. Егер алкоголь қан құрамында 0,1 – 1,15 пайызы болса, машина жүргізу аса қауіпті. 0,2 пайызы болса, түсініксіз сөз, қисалаңдап жүру байқалады. 0,4 пайызы – ес-түстен айырылуға әкеледі. 0,6-0,7 пайызы болса – адам өледі. Арақ туралы не білесіңдер?
Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі – мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, соматоневрологиялық аурулар және психикалық ауытқушылық құбылыс дами бастайды.
Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.
Есірткі деген сөздің өзі бір зұлымдық сияқты құлаққа жағымсыз естіледі. Есірткі — адамның санасын жаулап қана қоймай, әрдайым өзіне еліктіретін бір қасиеті бар химиялық зат. Есірткі түрлері: гераин, какаин, анаша, канапля және тағы басқалары. Көбінесе есірткіні Ауғанстан мен Батыс мемлекеттерінде өндіреді. Оны қолдану тәсілдері көп. Оны ине шаншу немесе дәрі сияқты капсулаларда қолданады. Есірткінің дәрі немесе қант пудрасы сияқты болып келуі оның бір елден екінші елге тасымалдануына мүмкіндік береді, себебі оларды дәрі немесе витаминдер
сияқты шекарадан тасымалдау оңайға түседі.
Есірткіні қолданатын адамның түрі бозарып, тамаққа тәбеті болмай, тез арықтау, қатты жөтелдер сияқты өзгерістер байқала бастайды. Ондай адамдардың есте сақтау қабілеттері нашарлап, көңіл күйлері тез өзгеріп, әр түрлі заттарға немқұрайлы қараулары байқалады.
Қазіргі кезде мектеп оқушылары мен студенттер арасында есірткінің дәмін сезіп, сол зұлымдыққа мойынсұнып кеткен жастар барын жоққа шығара алмаймыз. Нашақорлыққа беріліп, сол «батпақтан» шығудың жолын ойлап, арнайы емдеу орындарында емделетін адамдар арқылы біз мәдени іс-шаралардың жемісін көре аламыз. Тайған жолдарынан қайта жақсы өмірге оралудың өзі үлкен күш-жігерді талап етеді. Жастар, нашақорлыққа берілмей, қызыққа толы өмірдің парасатты азаматы болуға ұмтылайық!
Есірткіні, әлбетте, қызығудан немесе жаң әсер алу үшін қолданады, яғни есірткіні «компания» үшін немесе «тормоз» болмау үшін татып көреді екен қазіргі жасөспірімдер. Ең бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ләззат ала отырып, ешкім де оның арқалаған жүгінің ауырлығын және қайғылы салдарын біле бермейді. Бірінші рет есірткіні қолдану тәжірибелі, бұрыннан қолданып келе жатқан нашақрлардың ықпалымен, солардың итермелеуімен өтеді.
Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы СПИД пен гепатит осылай тарайды.
СПИД біріншіде дұрыс білінбейді. Адам өзін сау адамдай ұстайды, ештеңе сезбейді. ВИЧ адамның жасушасына жабысып, дамиды екен. Дами келе, СПИД-ке айналады. Ол басқа аурулардың астарларына тығылады. Мысалы, грипп, өкпе аурулары, т.б. Ол алғашқы 3-4 айдың ішінде байқалмайды. Ал СПИД-ке қарсы ешқандай дәрі-дәрмек жоқ. Әрине, адам өмірін ұзартатын дәрі бар. Бірақ СПИД вирусы күшейіп алса, адамды аурулардан қорғайтын иммунитетті істен шығарады. Дәрі бұған төтеп бере алмайды. Ал бұл адамның өліміне әкеледі. Бұл ауруға күресті ұйымдастыру үшін мемлекет жылына 66 млрд доллар керек етеді. Бұл үшін Денсаулық сақтау ұйымы бәріне жыл сайын ақша бөліп, алдын ала жұмыстарын жасауда. Осы туралы Гүлназ қысқаша шолу жасаса:
1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы. (СПИД) ЖҚТБ-ны жұқтыру жолдарын айтып өтеді
Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.
1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты. ЖҚТБ-ның үшінші сатысына Ақмейір тоқталып өтеді
ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді. ЖҚТБ-ның төртінші сатысына Қуаныш тоқталып өтеді
1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.
Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.
ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып,
адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел. ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын емжоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
”Миға шабуыл”
1.Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді, бірақ сенің темекі шеккің келмейді.Достарың сені темекі шегуге итермелейді,сен достарыңды да қиғың келмейді.Не істер едің?
2.Сен бір сәт есейгің келеді. Үлкендерге ұқсап дем алғың келді,есік алдындағы дүңгіршікке барып, вино әкелдің, дәл осыдан соң қандай әрекет жасауың мүмкін?
3.Сіздермен бірге оқитын, бірге отыратын жан досыңның есірткі пайдаланатынын білдің. Сол кезде сен не істер едің? Қандай әрекеттер жасар едің?
Мүғалім: Қорыта айтқанда әр оқушы аурудың алдын алу үшін ауырмай тұрып, ауырмайтын жол іздеу керек. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайды.