Қысқы орманға саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
Мақсаты: Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге үйрету. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, плакаттар.
Әдіс-тәсілі: Сөздік, көрнекілік,сұрақ жауап,ойын,жұмбақ жасыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
«Жылулық шеңбері»
Армысың көкАрмысың кең далам
Армысың жер ана
Армысың достарым.
Тәрбиеші
Балалар біздің тобымызға қонақтар келді қане апайлармен амандасайық.
Сәлеметсіздер ма.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -------қыс мезгілі
Қыстың қандай ерекшіліктерін білесіңдер?--------далада қар жауады
Қыста адамдар қандай киім киеді?-----------жылы киім киеді.
Қыста қандай мереке болады?---------жаңа жыл мерекесі.
Қыста қандай ойындар ойнаймыз?-----шанамен ойнаймыз
Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?
Сиыр,қой, ешкі, жылқы
Ал қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
Қасқыр,қоян, түлкі, аю------жарайсыңдар балалар.
Балалар аю қыста не істейді ?
Әрине аю қыста ұйықтайды дұрыс айтасыңдар балалар.
Балалар сендер осы аңдарды көргілерің келе ме?
Ендеше орманға саяхатқа шығайық, жылы киімдеріңді киіңдер.
Балалар қараңдаршы мынау қандай аңның ізі?
Осы ізбен жүрейік қндай аңға кездесеміз бұл балалар қоян екен.
Қоян сен неге көңілсізсің не болды.
Қоян---менің үйшігімді қасқыр бұзып кетті мен қатты тоңып қалдым,балалар сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар қоянның үйшігін салып беруге көмектесеміз бе?
Қане балалар пішіндерден қоянның үйшігін салып берейік.
Қоян----алақай рахмет балалар мен енді тоңбайтын болдым.
Балалар мынау кімнің апаны әрине аюдың апаны аю ұйықтап жатыр екен.Аюға балды тастап кетейік көктемде тұрғанда балды көріп қуанып қалсын.
Қасқыр сәлеметсіңдер ма балалар менің қарным ашып тұр менің ет жегім кеп тұр, мен қорадағы малды да сендерді да жегім келіп тұр.
Тәрбиеші; жоқ қасқыр сен төрт түлік малды да, балаларды да жеме.
Қасқыр ендеше менің тапсырмамды орындасаңдар жемеймін.
Мына жерде түрлі түсті жаңғақтар шашылып жатыр.
Қызыл жаңғақты қызыл шелекке ,көк жаңғақты көк шелекке жинаңдар.
Қасқыр жарайсыңдар балалар жақсы балалар екенсіңдер енді мен сендердңі жемеймін сау болыңдар.
Түлкі ----- сәлеметсіңдер ма балалар қандай әдемісіңдер
Тәрбиеші қолыңдағыне нәрсе бізге көрсетші.
Түлкі жоқ жоқ көрсетпеймін сендер алып қоясыңдар бұны мен тауып алдым.
Жарайды сендер менімен дыбыстық жаттығу жасасаңдар беремін
.Тәрбиеші балалар түлкімен бірге жаттығу жасайық
1.Ян, ян, ян, секіреді ақ қоян
2.Ю ,ю, ю, қорбаңдаған аю
3.Қы ,қы, қ,ы бұл көкжал қасқыр
4.Кі, кі, кі, қу түлкі жарайсыңдар балалар өте ақылды екенсіңдер мынаны сендерге сыйладым.Сау болыңдар.
Тәрбиеші балалар біздің түскі ас ішетін уақыт болып қалды тобымызға барайық қолдарыңнан ұстаңдар адасып кетесіңдер.
Балалар табиғат туралы тақпағымызды айтып барайық.
Сүйеміз табиғатты, қолдай біл
Аң құстардан ,қорғай біл.
Табиғатты сүйеміз ,оны қорғап жүреміз.
Тәрбиеші балалар біз қандай аңдарды көрдік. Баллар кеше сендер түлкіні көрдіңдер.Енді сендерге тосын сый бізге ақ қоян келді. Қараңдаршы қоянның түсі қандай?
Қоян не жейді? Әрине сәбіз жейді ендеше қоянға сәбіз берейкші.
Жарайсыңдар балалар бүгін мен сендерге өте риза болдым.
Қане бәріміз апайлармен қоштасайық .
Сау болыңыздар.
«Балбөбек»шағын орт.
Тақырыбы:
Орманға саяхат.
Тәрбиеші:Ракишева Л.С.
2018-2019 оқу жылы.