Озық тәжірибе және
шығармашылық
Жас
буынды тәрбиелеп, оқытып, дамытуда қазір
жүзеге асырылып жатқан соңғы өзгерістер мен
бүкіл қоғамның жасампаз жұмыстары
үйлесім тауып, мақсатқа жеткізе беруі
үшін озық тәжірибелер мен ұстаздар
шығармашылығы шешуші рөлге ие
болуда. Педагогикалық іс-әрекет өте күрделі және көп қырлы, ол білім мен тәжірибелер, дүниетанымы мен мәдениеті, бүкіл ішкі рухани байлығының қисынды сабақтастығына негізделеді. Ұстаздың өз пәнін терең меңгерген, оқыту әдістемесін жан-жақты игерген, іскерлігі мен сөйлеу мәдениеті жеткілікті болуымен бірге, оқушылардың болашақтарынан үміті мол, шәкірттерін құрметтей білетін қасиеттері болуы жарасымын табады. Қоңыраудан қоңырауға дейін әрбір уақытты ұтымды пайдалану, оқытуды іздене, тиімді әдістерді кеңінен қолдану, бағдарлама талаптарына сай жұмыс істеу, зертханалық жұмыстарды техникалық карта бойынша орындау, сынақ-тәжірибелерді талаптар дәрежесінде үлкен дайындықтармен орындау еңбек жемісін көрсетеді. Пәнаралық байланыстарды басқа пән мұғалімдерімен ақылдаса, есептеу техникаларын ретімен пайдалану сабақтар маңызын арттыра түседі. Сабақ материалдарына байланысты халықтық педагогикаға сүйене оқыту, ұсыныстарды, озық тәжірибелерді пайдалана өтіп, жалғастыру еңбек ете түсуге негіз береді. Күнделікті оқу материалдарына қатысты пайдалы дидактикалық материалдарды жоспарлы пайдалану жемісін берері сөзсіз.