Мәңгілік
Ел» ұлттық идеяларының мәнмәтінінде тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «…Оқушыларды Қазақстандық
патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса
қажет, …бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық,
тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» –
деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар –
жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру
әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты.
Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие
нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын
болады. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие
беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін
бәріміз білеміз.