Қорыта келе, мен ойымды ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз
үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы
орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын
жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген
сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру –
тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа
білім беру - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін,
қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Ұстаз
білім білім беру аясында тек өз пәнін,
өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын
білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп
Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті
байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып,
оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі
бастағалы отырмыз.