"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары

14.03.2019

Мұғалімдерге арналған әдістемелік

семинардың жоспары

Семинарды тыңдаушылардың саны  10

Мерзімі _________________

Мұғалімі Тулебаева А.Д.

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»

 

Мақсаты: Рухани адамгершіліктің маңыздылығы туралы терең мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге  бағыт беру.

Міндеттері:

- Балалардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың жолдарын көрсету.

- Мұғалімдердің жан-жақты іскер, шебер, гуманист болуға ықпал жасау.

- Оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым- қатынасты жақсартуға бағыт-бағдар беру.

Ресурстары:(интербелсенді тақта, музыка, бейнероликтер, шарлар, нақыл сөздер)

Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

1. «Нұрға бөлену» тыныштық сәті.

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

3.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен ықпалдастыру.

 

1.     Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Салетсіздерме құрметті әріптестер. Бүгінгі «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» атты семинарымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі семинарымызды «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік бағдарламасының негізін қалаушы Сара Алпысқызының сөзімен бастағым келіп отыр.

 «Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу-әр адамның міндеттерінің міндеті екеніне сенімдімін...» Рухани бастау ол адамгершілік, риясыз мейірімділік, махаббат, өзара түсінушілік, төзімділік арқылы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау сияқты жеке қасиеттерін қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңарту керек, өзінің  бастауына оралуы қажет дейді.

  1. Қазіргі таңда адамзат адамгершілік критерилермен ізгіленбеген интелектінің қауіпті екенін түсіне отырып және тұлғаның   рухани дамуына зиян келтіретінін, сол сияқты әлемде ізгі өзгерістердің болуы әрқайсысымыздың қатысуымызсыз мағынасыз екенін ұғына отырып үшінші мың жылдыққа қадам басты.   

Д.И. Менделеев өз уақытында  «Ізгі ниеті жоқ адамның қолындағы білім, ақыл – есінен ауысқан адамның қолындағы  қылышпен тең» -деп айтқан. Кейіннен  Д.С. Лихачев бұл айтылғанды былайша өрбітті: «Рухани бастаусыз білім зиянды. Ал рухани бастауды өзі иеленбеген мұғалім, бүгін, дәл бүгін қоғамға біздің балаларымызға  керекті пайданы  әкеле алмайды». Бүгінгі күні осы айтылғандар өзекті болып отыр.

«Любимые фразы учителей!» бейнеролик көрсету.

  1. Бұл  бейнероликтен нені байқауға болады?
  2. Қазіргі уақытта осындай мұғалімдердің көбеюіне не есеп деп ойлайсыздар?

Аталған мәселені обьективті қарастыру үшін алайда, егер барлық жаратылыс иесіне және түптеп келгенде өз болмысына қарым –қатынасына қатысты адам табиғаты не деген сұрақты қарастырмайынша, адамгершілік және адамгершілікке жат қылықтар туралы ажырату мүмкін емес.

Рухани -адамгершілік білім беру оқушы-мұғалім өзара қарым-қатынасына негізделген, онда тек оқушы ғана емес, өзіндік рухани ізденіс субьектісі ретінде мұғалімнің өзінде де өзгеру жүруі керек. Мұғалім өзінің жеке басының оқушыларға үлгі көрсету арқылы және олардың рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасай отырып, шабыттандырады, ынталандырады – бұл рухани- адамгершілік білім беретін өзін –өзі тануды оқыту әдістемесінің негізі болып табылады.Ізгілік педагогикасының манифесінде әр педагог үшін шабыттандырушы шоқжұлдыз болып табылатын қасиетті ұғымдар берілген.

Ұстаз – Нұр сыйлаушы жан иесі, адам жанын тәрбиелейтін ұста.

Оқушы- Нұрды іздеуші,шөліркеген жан.

Сабақ – өсіп келе жатқан адамды, яғни  оқушыны Ұстаздың Нұрға бөлендіретін, шабыттандыратын, өз рухының сыйы әрі қарай әлемге тарату үшін құлшындыратын, Ұстаз бен  оқушының кездесуінен туатын, бірлескен асқақ  өмірдің айырықша жолы.

Педагогтың үш стилі

 Авторитарлық (өктем) мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал оқушы төменгі сатыда болады.

 Либералдық педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды,

яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны.

Гуманистік  (ізгіліктік) бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.

Ізгілік педагогикасының қағидаттары:

  • Бала шынайы адамдықты танып білуді педагогикалық үдеріс кезінде үйренеді;
  • Педагогикалық үрдісте баланы әлеуметтік үрдіске қарсы арандатушылыққа  апаратын әдістердің қолданылуына жол бермеу.
  • Педагогикалық үрдісте адамилыққа үйрету жағдайлары: эстетикалық орта қалыптастыру, мектеп микроәлеуметінің моральдық – психологиялық атмосферасы.

Мұғалімнің заңдары:

  • Баланы сүю; баланы түсіне білу, баланы шабыттандыра білу.

Мұғалімнің парызы:

  • баланың бойындағы шексіз кемелдену мүмкіндігіне  деген сенім;
  • өз бойындағы жоғары рухани бастауға деген сенім;
  • тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.

Мұғалімнің жеке қасиеттері:

  • мейірімділік, ашықтық және шынайылық, адалдық.

Баланың сүйеніштері: дамуға, есеюге, еркіндікке ұмтылыс.

 "Мать Тереза", «Януш Корчак» туралы бейне фильм көрсету арқылы ой бөлісу.

Әрбір бала- керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмытылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінен- ақ пайда болады, Сондықтан да кез- келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарау керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі.

Ш.Амонашвили

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

Аксиология (грек тілінен аударғанда  құндылық және ілім) – «құндылық»  категориясын зерттейтін  философия саласы.

Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай- күйлер  құндылықтар деп аталады.

Құндылықтар: ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау.

Қиянат жасамау – рухани аспект.

Ақиқат – интеллектуалды аспект.

Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект.

Тыныштық – эмоциялық аспект.

Дұрыс әрекет – физикалық аспект

Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетті құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.)

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылық  - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылық. Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға адамгершілік білім беру негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады және де адам бойына тумасынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр береді.

Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам тұлғасының құрылымымен өзара байланысты.

Құндылықтар терегі туралы айтып кету.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен ықпалдастыру.

Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар: Рухани – адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту мазмұнына енгізу.

1).Биологиялық тұрғыда:   Бауыр -ішектен бірге түскен зиянды және улы заттар бауырда зиянсызданады.

Адамгершілік тұрғыда: Ағайындылар бауырына ренжемейді, ренжеседе бірден ішке түсірмей ренішін ұмытып кетеді. Өйткені ол бауыры. Әр адамда солай болу керек өкпе ренішін ішінде сақтамай ыдыратып жіберу керек. Адамдардың бір-бірін  жақсы көруі,  мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы- бауырмалдықты  білдіреді. Ол-адамдардың туыстық негізінде  ғана емес,  жалпы адами қасиет ретінде  өзге жұрттарды  бауырына тарту  оларды жақын санап, қамқорлық көрсету,  жатсынбау,  көпшіл болудан көрінеді.

2). Дүниетану. Ауа. Ауаның қасиеттері.
 Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Ауаның қасиеттері: Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б.
 Адамгершілік тұрғыда: Ауа бізге қаншалықты қажет болса, сол сияқты адамдардың жылы сөздері, ақ пейілі, мейірімділігі қажет. Ал егер пейіліміз тарылса, мейірімсіз болсақ адамгершілігіміз жойылады.

   3). Математика. 3 сынып
    
Бір жұмысшы 1сағатта 10 км жердің қарын тазалады. Екінші жұмысшы 1 сағатта 15км жердің қарын тазалады. Ал  екеуі бірігіп жұмыс жасаса 3 сағатта қанша км жердің қарын тазалар еді.
Шешуі: 3*10+3*15=75км
 Адамгершілік тұрғыда:
Жалғыз адам бір өзі жұмыс жасағаннан гөрі екеуі бірігіп жасаса жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Бір адам жалғыздан – жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды, жасаса да қызықсыз,әрі қажыр-қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса, жұмыс әрі қызықты,әрі тез,әрі тиянақты бітеді. Бұл адамды достыққа, бірін-бірі жақсы танып білуге,сыйлауға,қамқор болуға, ұйымшыл болуға  жетелейді.

       4). Геометрия. 
    Шеңбер дегеніміз - бір нүктеден  сызықтың бірдей арақашықтықта орналасқан тұйық қисық сызық.
 Адамгершілік тұрғыда:Егерде біз осы шеңбер бойымен жүретін болсақ, еш уақытта шегіне жете алмаймыз. Айталық біреу сізді ренжітті оны кешірудің орнына керсінше қарсы әрекет етіп оны ренжіттіңіз, сөйтіп оның шегі болмайды. Егерде ренжіткен адамды кешірсек онда шексіздік үзіліп, біз бақытты өмір кешкен болар едік.

5). Физика. Магнит өрісі

 Балалардың күнделікті ойнайтын үрмелі шарларын қолымызға қолғабымызды киіп, үйкелегеннен кейін қолымызды алшақтататын болсақ, шарымыз ешқайда ұшып кетпей алақанымызға келіп жабысады. Кез – келген заттарды бір – біріне үйкелеп, соңынан бір-бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір-біріне тартылады.

Адамгершілік тұрғыда: Яғни бұдан шығатын қортынды: Рухани  жақын адамдар бір – біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола алады.

Шығармашылықжұмыс. Мұғалімдерді төрт топқа бөліп: 

І топқа сұрақ: көбелектен не үйренуге болады?

ІІ топқа сұрақ: аңдардан не үйренуге болады?

ІІІ топқа сұрақ: жерден не үйренуге болады?

ІҮтопқа сұрақ: судан не үйренуге болады?

Топпен ән орындау.  «Мейірімді болайықшы бауырлар»

                         Сөзі: Серік Қалиев

                         Әні:Құрмаш Маханов

 Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

 Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

 Өшігуді қояйықшы өзгеге,

 Кешірімді болайықшы, ағайын!

 

 Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

 Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

 Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

 Мейірімді болайықшы, бауырлар!

 

 Болашаққа қол ұстасып барайық,

 Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

 Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

 Кішіпейіл болайықшы, халайық!

 

 Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

 Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

 Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

 Тілейікші өзгеге де болса деп.

 

 Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

 Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,

 Қаратайық Құбылаға жүздерді,

 Таратайық адамзатқа жылылық!

 Үй тапсырмаcы.

Шалва Амонашвилидің «Күлкім менің қайдасын» атты еңбегін оқып келу.

Соңғы тыныштық сәті.

Құрметті әріптестер ыңғайланып отырып алыңыздар да, терең дем алыңыздар. Көзімізді жұмамыз.

        Біз қазір сіздермен бүгінгі  семинарда нені түсіндік, қандай жақсы әсер алдық, сол жөнінде  ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге  түйіп  алайық.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

Осымен біздің семинарымыз аяқталды. Рахмет!

 

Талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдерді төрт топқа бөліп әрқайсысына ватман, түрлі- түсті маркерлер беру. Әр топ өздерінің сұрақтарына  сурет, сызба арқылы қорғау.

 

 

 

 

Музыка қойып топпен ән айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1712


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст