«Бейіміне қарай мамандық таңдау»
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз
Даңқым шықсын десеңіз ,
Көпшіліктің адамы болыңыз
Әл-Фараби
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды
шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында
мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады . Мамандықтың
жаманы жоқ , бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет , бұл жай күнелту, тамақ
асырау-дың жолы ғана емес , үлкен өнерді , зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір
жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызық-пайтын мамандықты
таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағат-танбаушылық, реніш сезімдері болып,
тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін
білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.