Текст

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
Бұл сайттың көмегімен біз, білім саласы бойынша қарым-қатынасқа түсеміз. Сонымен қатар біздің сайтқа келушілер мектеп жаңалықтарын біліп, тыныс-тіршілігімен танысады. Бұл қарым-қатынас қызықты және пайдалы болатынына біз сенеміз!
Құрметпен Айдарлы ауылының негізгі орта мектеп директорының м.а. Капышева Асем Маратхановна.
11.09.2026
"Тіл - достықтың алтын көпірі" тілдер онкүндігі
04.09. - 17.09. күндер аралығында мектебімізде "Тіл - достықтың алтын көпірі" тақырыбында тілдер онкүндігі доспарланып, іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Жауапты: Курмангожина Ж.В.
04.09.2026
Білім күні
1 қыркүйек күні салтанатты түрде Білім күніне арналған дәстүрлі іс-шара откізілді. Оқушылар қуанышпен осы күнді қарсы алды. Жаңа білім мен ашылымдар тілейміз!
17.06.2026
9-сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі
9-сынып түлектеріне салтанатты түрде аттестат табысталды.
Құттықтаймыз!
12.06.2026
Қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан
9 сынып оқушылары орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырып, қорытынды аттестаттауды аяқтады.
08.06.2026
Қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан
9 сынып оқушылары қорытынды аттестаттау бойынша қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырды.
03.06.2026
Мемлкететтік емтихан. Таңдау пәні
9 сынып оқушылары таңдау пәнінен (география, ағылшын тілі) мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды.
02.06.2026
1 маусым - Балаларды қорғау күні
1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған мектебімізде мерекелік іс-шара жүргізілді. Бастауыш сынып балалары таза ауада ойындар ойнап, флешмоб билеп, демеушілердің қолдауымен балмұздақ сыйланды.
29.05.2026
Математика (алгебра) жазбаша қорытынды емтихан
9 сыныпта қорытынды аттестаттау бойынша оқушылар математика (алгебра) пәнінен жазбаша емтихан тапсыру бастады.
Оқушыларға сәттілік!
25.05.2026
"Соңғы қоңырау" мекрекелік концерт
Мектебімізде "Соңғы қоңырау" мерекелік іс-шара өткізілді. 9-сынып оқушылары, мектеп түлектері мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты. Құттықтаймыз!!!
18.05.2026
Тәрбиешілердің аудандық семинары
15 мамыр күні мектебімізде тәрбиешілердің аудандық семинары өткізілді. Семинардың ашылуы шағын концерттік бағдарламамен ашылды. Семинар барысында тәрбиешілерге мектеп психологі тренинг арқылы көңіл күйлерін көтеріп, өз тәжиребиелерімен бөлісіп, шебер...